Алмаз Жеңісұлы Жұмакеев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Алмаз Жеңісұлы Жұмакеев (Үлгі:Lang-ky; 6 наурыз 1970, Пржевальск, Қырғыз КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, 2026 жылдан бастап Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары, генерал-майор (2011). Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 36-шы және 37-десанттық-шабуылдаушы бригадаларының бұрынғы қолбасшысы.

Өмірбаяны

Офицерлер отбасында дүниеге келген. Әкесі Жұмакеев Жеңіс Сабырұлы (1943-2009), КСРО МҚК Мәскеу шекара әскери мектебін бітірген, КСРО МҚК шекара әскерлерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен, зейнеткерлікке полковник шенінде шыққан. Ауғанстанға (1979-1981 және 1983-1984 жж.) әскери қызметін атқаруға іс сапармен екі рет жіберілді.

1988 жылы Фрунзе (Бішкек) қаласындағы Республикалық мамандандырылған мектеп-интернатын (РММИ) бітірген.

1992 жылы Рязан жоғары әуе-десанттық қолбасшылық мектебін бітірген.

Офицерлік қызметін 1992 жылдың маусым айында ҚР ҚК 35-жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасында парашютті-десанттық взвод қолбасшысы болып бастады.

1992 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Тәжікстанда Ресей Федерациясы Шекара әскерлерінің Пандж шекара жасағының жауапты аймағында ТМД-ның Мемлекеттік шекарасын қорғау бойынша жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты.

1992 ж. қараша – 1993 ж. қараша — Қапшағай қаласындағы 35-бригада 2-десанттық-шабуылдаушы батальонының барлау взводы қолбасшысы болды.

1993 ж. қараша – 1994 ж. қазан — 35-бригада 2-десанттық-шабуылдаушы батальонының штаб ротасы қолбасшысы лауазымында қызмет етті.

1994 ж. қазан – 1995 ж. маусым — 35-бригада 2-десанттық-шабуылдаушы батальон қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

1995 ж. маусым – 1997 ж. ақпан — 35-бригаданың 2-десанттық-шабуылдаушы батальон (автомобильдерде) қолбасшысы міндетін атқарды.

1997 ж. ақпан – 1998 ж. мамыр — 35-бригада 1-десанттық-шабуылдаушы батальон (БТР-80 бойынша) қолбасшысы болды.

1998 ж. мамыр – 1998 ж. тамыз — 35-бригада (қайта құрылғаннан кейін) 351-жеке десанттық-шабуылдаушы батальон (автомобильдерде) қолбасшысы лауазымында қызмет етті.

1998 ж. тамыз – 2001 ж. маусым — ҚР ҚК Әскери академиясының сырттай оқу бөлімінің тыңдаушысы болды.

1998 ж. тамыз – 2001 ж. тамыз — 35-бригада 353-жеке десанттық-шабуылдаушы батальон (автомобильдерде) қолбасшысы болып жұмыс істеді.

2001 ж. тамыз – 2003 ж. қазан — штаб басшысы – 35-бригада қолбасшысының орынбасары міндетін атқарды.

2003 ж. қазан – 2009 ж. қыркүйек — Талдықорған қаласындағы 37-жеке десанттық-шабуылдаушы бригада қолбасшысы. 517-мотоатқыштар полкінің 68-мотоатқыштар дивизиясын 37-бригада болып қайта құрылуына тікелей басшылық жасады.

2009 ж. қыркүйек – 2010 ж. сәуір — ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар басшылары комитетінің Жауынгерлік дайындық пен әскер қызметі департаменті басшысы болды.

2010 ж. сәуір – 2010 ж. қыркүйек — «Астана» өңірлік қолбасшылығы басқармасы қолбасшысының бірінші орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы басқармасы Әскер қолбасшылығы басқармасының штаб басшысы лауазымында қызмет етті.

2010 ж. қыркүйек – 2011 ж. мамыр — ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары – Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі бас басқармасы басшысы болып жұмыс істеді.

2011 ж. мамыр – 2015 ж. қазан — Астана қаласындағы Аэроұтқыр әскерлерінің 36-жеке десанттық-шабуылдаушы бригада қолбасшысы міндетін атқарды.

2011 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Алмаз Жеңісұлына генерал-майор әскери атағын берді.

2015 жылы 15 қазанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2018 жылы 18 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Жұмакеев Алмаз Жеңісұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2018 ж. сәуір — 2018 ж. желтоқсан — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) — ҚР ҚК ҚӘ Бас қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық бас басқармасы басшысы болды.

2018 ж. желтоқсан – 2019 ж. шілде — ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаменті басшысы лауазымында қызмет етті.

2019 ж. шілде – 2021 ж. маусым — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Бас штаб академиясы факультетінің тыңдаушысы.

2021 ж. маусым – 2022 ж. наурыз — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – ҚР ҚК ҚӘ Бас қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық бас басқармасы басшысы болып жұмыс істеді.

2022 ж. наурыз — 2026 ж. наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы лауазымында қызмет етті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2026 жылғы 11 наурыздан бастап — ҚР Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер