Алмаарасан минералды суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алмаарасан минералды суы Алматы облысы Қарасай ауданы аумағындағы жер асты суы.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 26 км жерде орналасқан. Құрамы мен емдік қасиеті бойынша кремнийлі-термальды суларға жатады. Диорит жыныстарындағы жарықшалардан шығатын су көздерінің тәуліктік шығымы 48 м3. Суда күкіртті сутек иісі бар, бұлақтарының ернеуі сульфат-бактериялардың қардай ақ түсті колонияларымен көмкерілген. Бұл төңіректе 1951 – 53 жылдары 5 ұңғыма бұрғыланған, олардан тәулігіне 520 – 525 м3 су өздігінен атқылап шығады. Судың температурасы 33 – 38°С, минералды 0,3 г/л, химиялық құрамы сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі, оның кремний диоксиді (40 – 75 мг/л), фтор (3,6 – 6 мг/л), күкіртті сутек (0,58 мг/л), радон (9 – 13 эман) тәрізді биологиялық активті құраушылары бар. Алмаарасан минералды суы негізінде 1932 жылдан «Алмаарасан» санаторийі жұмыс істейді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алмаарасан минералды суы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}