Алексей Дебольский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алексей Дебольский - 1916 жылы 13 қаңтарда Украинаның Харьков қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының география факультетін бітірген. Улы Отан соғысына қатысқан. 19451954 жылдары Совет Армиясы баспасөз органдары мен Германиядағы кеңестік әскери әкімшілігінде қызмет істеген. Шығармашвілық еңбегінің бастауы — Берлиндегі «Тэглихе рундшау» газетінде (Германия тұрғындарына арналған кеңестік газет) неміс тілінде 1948 жылы жарияланған очерктер шоғыры. Бұл А.Гуммельс деген бүркеншік атпен жеке кітап боп шыққан (1949, Берлин). 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында А.Стражевский деген бүркеншік атпен орыс тілінде жазған, сондай-ақ неміс, ағылшын, француз тілдерінен кейбір шығармаларды орыс тіліне аударған. Осы кезеңде өзінің «Истина стоит жизни» (1960) романы мен «От Белого моря до Черного» атты жолсапар очерктер кітабын шығар ды. Л.Кернектің «В Индии» (1956) атты очерктер жинағын, М.Лафайттің «Принцесса Клевская» (1959), Г.Нахбардың «Дурная примета» (1963) романдарын орысшалаған.

Шығармалары

«Туман» романы (1971) және «Такое долгое лето» (1975) әзіл-сықақ повесі жарық көрді. «Простые смертные» романы «Простор»( «Феникс» журналдарында жариялайды (1993-1994). 1966 -1977 жж. республикалық «Фройнд-шафт» газеті редакциясын басқарған.

Жетістіктері

Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}