Александр Николаевич Подушкин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Александр Николаевич Подушкин (19.3.1953 жылы туған, Өзбекстан, Бекобод қ.) – тарих ғылмының докторы (1999), профессор (2003).

Ғылыми еңбектер

«Арысская культура Южного Казахстана IV в. до н.э. – VI в. н.э.» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Отырар шұратындағы көптеген ескерткіштерді ашып, зерттеді. 30-дан астам ғылыми жарияланымның, 4 монографияның авторы.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>

1975 – 77 жылдары институтта стажер-зерттеуші бола жүріп, археолог мамандығын алды. 1977 – 79 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1979 жылдан Шымкент педогогикалық институтында, Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесінде, Шымкент институтында лаборант, кабинет меңгерушісі, оқытушы, аға оқытушы, КСРО тарихы, Қазақ КСР тарихы, Қазақстан тарихы кафедраларының доценті, профессоры. Александр Подушкин Қазақстан және Оңтүстік Қазақстанның археологиясы, тарихы, мәдениеті жайында жазылған 4 монография мен 20-дан астам ғылым мақалалардың авторы. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. <ref>"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер