Акустикалық түрлендіргіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Акустикалық түрлендіргіш - электр энергиясын дыбыс энергиясына немесе дыбыс энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Мәселен, репродуктор, телефон сияқты түрлендіргіштер электр тербелісін дыбыс тербелісіне, ал микрофон, лорингофон, керісінше, дыбыс тербелісін электр тербелісіне түрлендіреді.

Акустикалық түрлендіргіш контактілік, магниттік-электрлік, пьезо-электрлік, электростатикалық және магнитострикциялық болып бөлінеді. Олардың жұмыс принциптері магниттік-электрлік түрлендіргіш принципіне ұқсас. Магниттік-электрлік түрлендіргіште дыбыс тербелістері мембранаға әсер етеді. Мембранамен тікелей жалғасқан тұрақты магнит өрісіндегі лента немесе катушка тербеліп, оларда электр қозғауыш күш пайда болады, яғни дыбыс энергиясы электр энергиясына түрленеді. Ал егер, керісінше, лента немесе катушкаға электр қозғауыш күш түсірсе, олар тербеліске келіп дыбыс шығарады. Бұл жағдайда электр энергиясы дыбыс энергиясына түрленеді.

Акустикалық түрлендіргіштер радиотехникада, автоматикада, гидроакустикада, гидролокацияда кең қолданылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}