Гидролокация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидролокация (Үлгі:Lang-el – су, Үлгі:Lang-la — орналастыру) — су астындағы объектілердің орнын олардан шығатын дыбыс сигналдары (пассивті локация) не олардан шағылысқан жасанды дыбыс сигналдары бойынша (белсенді локация) анықтау.

Гидролокация деп, көбінесе дыбыстық локацияны айтады. Өйткені, қазіргі теңіз суында әлсіремей таралатын толқындардың белгілісі осы ғана. Тексеру объекті орналасқан бағыт пен оған дейінгі қашықтықты анықтау үшін гидролокациялық станция жан-жаққа дыбыстық немесе ультрадыбыстық тербелістердің қысқа мерзімді импульсін таратады. Су астындағы объектіден (нысанадан) шағылысқан импульсті гидролокациялық станция жаңғырық-сигнал түрінде қабылдайды. Нысана орналасқан бағыт (пеленг) гидролокациялық станцияның қабылдағыш-таратқыш жүйесінің көлбеу жазықтағы бұрылу бұрышы бойынша анықталады. Гидролокация су астындағы көрінбейтін кедергілерді анықтауға балық аулауда (балық үйірлерін және жекелеген ірі балықтарды табуда), мұхиттануда (мұхиттың физикалық қасиетін зерттеу, теңіз түбінің картасын жасау және т.б.), соғыс мақсаттарында (мина, сүңгуір қайық, су үстіндегі кемелерді табу және оларды бақылап отыру және т.б.) қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидролокация|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}