Аксиома (математика)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

АКСИОМА (грекше — қабылданған ереже) - математикалық теорияларды дедукциялық (бастапқы түсініктерден жаңа қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін әдіс) әдістермен құру кезінде ешқандай дәлелдеусіз қабылданатын ақиқат бастапқы түсінік. Сонымен, аксиомалар математикалық ғьлыми теорияның негізгі түсініктерін тұжырымдайды. Теорияның негізіне қабылданған аксиомалар жүйесі осы теорияның аксиоматикасы деп аталады. Математикадағы аксиоматикалық әдістің негізін ежелгі грек геометрлері қалаған. XIX ғасырға дейінгі кезеңдегі аксиоматикалық әдістің озық үлгісі біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда жазылған ежелгі грек ғалымы Евклидтің (б.з.б. 330 -275) "Негіздер" ("Бастамалар") деген ғылыми еңбегі болды. Онда: "Нүкте дегеніміз ешқандай бөлігі жоқ нәрсе. Сызық дегеніміз — енсіз ұзындық, Сызықтың ұшы (соңы) - нүкте. Тікбұрыштардың барлығы тең" делінген аксиомалар тұжырымдалған. Ежелгі грек философы әрі ғалымы Аристотель (б.з.б. 381 — 322) "Тұжырымдарын дәлелдейтін ғылымдардың бәрі де аксиомалар қолданады... Аксиомаларда жалпылаудың ең жоғарғы сатысы бар және олар тиянақты барлық қорытындылардың бастамасы да" деген.<ref>"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аксиома (математика)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}