Дедукция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дедукция (Үлгі:Lang-la — бөліп шығару) - сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше басқа тұжырымдамалардан (шарттар) бір тұжырымды (салдар) дәлелдеп, шығару.<ref name=a1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.Дедукция, профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дедукция — білімнің көбіне жалпыдан жекеге қарай көшуі, салдардың алғышарттардан шығарылуы; ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты. Психология дедукциялық пайымдаулардың дамуы мен бұзылуын зерттейді. Білімнің көбінесе жалпыдан кемірек жалпыға қарай қозғалысы оның барлық психикалық процестермен, тұтас алғандағы ойлау қарекетінің құрылымымен шарттастылығында талданады. Дедукдиялық пайымдауларды эмпириялық зерттеулердің, мысалы, алғышарттарға және олардан шығатын қорытындыларға деген сенімнің талдануы болып табылады. Дедукция - жалпы білім негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой қорытындыларын пайдалану. Мұнда материалға сәйкес логикалық процесс пен мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып, оларды сол немесе басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады. Дедукция - жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі — силлогизм. Екі немесе одан көп пікірлердің байланысы нәтижесінде жаңадан бір пікір шығару.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}