Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты - Екібастұз қаласындағы академик Қ. Сәтбаев атындағы инженерлік техникалық институты.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

1994 жылы қаланың ірі кәсіпорындарының құрылтайшыларымен құрылған: МАҚ «Екібастұзкөмір» Өтегенов А.Т., ПЭБ «Екібастұзэнерго» Щукин Г.А., «Екібастұзэнергоқұрылыс» тресті Криворотов А.Д., «Екібастұзшахтострой» тресі Некрасов М.М., Екібастұз Теміржол бөлімшесі Бутин А.П.

Жоғары оқу орнының негізгі мақсаты: елімізге жылу энергетика, кеніш салаларына сапалы, білікті инженерлер дайындау.

Қазір институт ҚР мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының ішіндегі білім беру нарығына алғашқы кіргендердің бірі болып табылады. Институт ЖОО-ның тізіміне мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруға құқылы мемлекеттік білім гранттарын енгізді. Институттың оқу кабинеттері мен лабораториялары ең жаңа жабдықтармен жарақтандырылған: жаңа компьютерлер, бейнетаспалар, лингофондық, мультимедиялық кабинеттер, интерактивтік тақталар т.б. Институттың кітапханасы оқулықтар, оқу-әдістемелік нұсқаулар, техника мен экономика саласы бойынша кітаптар қорымен бай.

1999 жылдан бастап ЕИТИ ҚР Білім мекемелер Ассоцияциясының мүшесі. ЕИТИ-дің Фрайберг Тау-кен академиясымен (Германия), Серго Орджоникидзе атындағы Ресей Мемлекеттік Геологиялық барлау университетімен (Мәскеу), Омбы қатынас жолдары университетімен (Ресей) және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарымен бірлескен оқу және ғылыми қызметіне келісімшарты бар.

Институтта студенттердің кеңесі ВИА, КВН, дебат клубы, спорт клубтары белсенді жұмыстарын істеуде.

2003 жылы білім жүйесін арттыру мақсатында барлық мамандықтарға кредиттік жүйе бағдарламасы енгізілді. Бұл жаңа инновациялық оқыту әдісі мен нысаны. Институттың студенттері өндірістік практикаларын алып өндірістерде, кәсіпорындарда өтеді: «Богатыр» ЖШК; «Майкөбе» ЖАК; AES «Екібастұз"; Маэс-1, 2; Қазақстан темір жолы т.б.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}