Айымбетов Мәди

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айымбетов Мәди (14.11. 1946. Торғай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы) – журналист, қаламгер, қоғам қайраткері. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

ҚазМУ-ді бітірген (1972).

Еңбек жолын 1965 жылы кеңшарда жұмысшылықтан бастап, университетті бітіргеннен кейін «Қазақстан пионері» газетінде кіші, аға әдеби қызметкер, жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі (1972-77), «Пионер» журналының аға редакторы (1977-85), «Қазақстан коммунисі» журналының аға әдеби қызметкері (1985-86), Қазақ КСР-інің Баспа ісі, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі Мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, жоғары санатты редакторы (1986-90), «Ғылым» баспасының бас редакторы (1990-93), ҚР Жоғарғы Кеңесі Аппараты, Мәжіліс Аппараты, Парламент Сенаты Аппаратының редакциялық-баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Парламент Сенаты Аппаратының аударма, лингвистикалық талдау және актілер басылымы бөлімі бастығының орынбасары, бастығы (2000-2004), 2004 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Парламент Сенаты Аппаратының редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.

«Шілденің күні» (1976), «Ертегіден келген бала» (1978), «Көгілдір соқпақ» (1980), «Көлге шомылған ай» (1984), «Плато голубых цветов» (1985), «Шыққа тұнған нұр» (1989), «Ол дәурен бір көрген тус» (1995), «Чаша печали» (1997), «Тылсым» (2001), «Құмөзек хикаялары» (2007) атты кітаптардың және газет-журналдағы әлденеше жүздеген әңгімелердің авторы.

Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}