Айтқұл Ошқаров
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Айтқұл Ошқаров (23. 2.1930 жылы туған, Түркістан облысы, Бөген ауданы — 17. 3. 1979) — тіл білімі маманы, педагогика ғылыми кандидаты (1970), доцент.
- Шымкент педагогика училищесін (1949), Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ды (1955) бітірген.
- 1949—1950 жылдары бастауыш класс мұғалімі.
- 1955—1960 жылдары мектептерде оқу ісінің меңгерушісі, директор.
- 1963—1966 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеуші институтында аспирантурасы.
- Өмірінің соңғы күндеріне дейін Шымкент педагогика институтының педагогика кафедрасында доцент қызметін атқарды.
- "Қазақ мектептерінде етістікті оқытудың әдістемесі" деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған.
- Қазақ тілінің оқыту әдістемесі жөнінде 10-нан аса мақалалардың авторы.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify