Айтат Жұбанышәлиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Айтат Жұбанышәлиев (1 наурыз 1906, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Жетібай ауылы – 5 желтоқсан 1991, Алматы) — қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері (1971). Мәскеу қаласында Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған (1931–1933 жылдары).

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1923 жылы бастады. 1938–1943 жылдары Орал облысы біріккен қазақ-орыс драма театрының, 1943–45 жылдары Қазақ академиялық драма театрының (1960–1966) директоры, 1945–1947 жылдары Қалап ауданы партия комитетінің хатшысы, 1947–1953 жылдары Қазақстан Министрлер кеңесі өнер істері басқармасының бастығының 1-орынбасары әрі Қазақтың академиялық опера және балет театрының директоры, 1953–1955 жылдары Қазақстан мәдениет минисрлігінің басқарма бастығы, 1971–1981 жылдар аралығында Қазақстан Театр одағы төрағасының орынбасары болып қызметтер атқарды. 1966 жылдан республикалық дөрежедегі зейнеткер. Жұбанышәлиев "Өнермен өзектес өмір" кітабының авторы. 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен және Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотауылысымен (1966) марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify