Айнұр Болатқызы Бермұхамбетова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Айнұр Болатқызы Бермұхамбетова (1974 жылы 2 наурызда Қостанай облысы Амангелді ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы (1998 жылдан).

Толығырақ

Сахнадағы негізгі рөлдері

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында: Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» – Жібек, Аягоз, «Ақан сері- Ақтоқты» – Мәрзия, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» – Мақпал; М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» – Қарлығаш, «Қарагөз» – Ақбала, «Абай» – Әйгерім, «Айман-Шолпан» – Теңге, Б. Ұзақов «Үміт» – Шолпан, Э. Флоримон «Түлкі Бикеш» – Дениза, М. Файзи «Башмағым» – Сәруар, Мольер «Скапеннің айласы» – Зербинетта, Қ. Байсейітов, Қ. Шаңғытбаев «Беу қыздар-ай» – Айсұлу, М. Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Зауре, Бану, В. Дельмар «Баянсыз бақ» – Рода, Ш. Айтматов «Ана–Жер Ана» – Әлиман, «Ғасырдан да ұзақ күн» – Зарипа, Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» – Ақбала, Р. Баяджиев «Аршын мал алан» – Гүльчахра, Э. Хушвақтов «Қызыл алма» – Саида-Бану, А. Цагарели «Гамарджоба» – Ханума, И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Розалинда, М. Фриш «Дон Жуанның думаны» – Донна Эльвира, Е. Жуасбек «Антивирус» – Гульчетай, Ж.М. Шевре «Ізгілік формуласы» – Жанн; Ж. Ануй«Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Жанна, М. Байжиев «Тіл табысқандар» – Сүйімхан, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Камила, т.б.

Марапаттары

  • Көптеген халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.
  • 2016 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының "Еңлікгүл" кәсіби сыйлығының "Жыл актрисасы" аталымы бойынша сыйлық иегері.
  • 2016 жылы Елбасының қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.

Отбасы

  • Тұрмыс құрған. Жұбайы - Нұркен Өтеуілов Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының актері.
  • ¥лы - Бейбарыс (2001 ж. т.).