Есім Жүкеұлы Сегізбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Есім Жүкеұлы Сегізбаев (1937 жылы 14 сәуірде Көкшетау облысы, Рузай ауданында туған) — актер, педагог. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі.

Толығырақ

Шығармашылығы

  • 1978 жылдан бүгінге дейін Есім Сегізбаев негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден астам шәкірттерді) оқытып шығарды. 15 дипломдық спектакль қойды. Одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қазақ театрларында, радио- телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етеді.
  • Шәкірттерінің ішінде: 12 (Қазақстанның халық әртісін), 1 (Қытайдың халық артисін), 1 (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерін), 14 (Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлерін), 30ға жуық (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері мен мәдениет қайраткерілерін) бар.
  • «Қысқаша орысша-қазақша театр терминдерінің түсініктеме сөздігі», «Украинша-қазақша сөздіктерінің» авторы. «Қоюшы – педагогтың дипломдық спектакілмен жұмыс істеуі» ғылыми –метдикалық еңбек жазды, жоғары және орта өнер оқу орындарына арналған «Актер шеберлігі пәнінің типтік бағдарламаларының авторлар ұжымының бірі және аударылған оперетталар «Оқулық –көрнекті құрал» еңбектері бар.
  • Жалпы еңбек стажы 58 жыл. Өнер саласындағы стажы 47 жыл.

Марапаттары

  • 1970 жылы "Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл" медалі
  • 1983 жылы "Еңбек ардагері" медалі
  • 1996 жылы ҚР Білім беру ісінің Үздігі
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіның Құрмет грамотасымен марапатталған.
  • 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері (құрметті атағы)
  • 2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
  • президент жарлығымен Құрмет ордені мен марапатталған.
  • ҚР Мәдениет саласының Үздігі (құрметті медалі)
  • 2015 жылы "ҰЛы отан соғысына 70 жыл" медалі
  • Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" медалі
  • Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті пеадгогикалық төсбелгісі және т.б медалдармен марапатталғ