Айман Әбділдәқызы Жаңабекова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Айман Әбділдәқызы Жаңабекова — филология ғылымының докторы (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1972 жылы 20 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап ауылында туған.

ҚазМУ-ды (1993, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1993-97), ҚазҰУ-де аспирант(1998-2001), орта мектептерде мұғалім (2002-03), ҚР БҒМ ҒК Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер (2003-11), 2011 жылдан бас ғылыми қызметкер, Компьютерлік лингвистика бөлімінің меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты қазақ тіліндегі уақыт ұғымының тілдік парадигмасын зерттеуге арналған.
"Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
100-тен астам мақала, 10 монография авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер