Айгүл Әбдімүтәліпқызы Үсенова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Айгүл Әбдімүтәліпқызы Үсенова — филология ғылымыныіһң докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1973 жылы 1 шілдеде қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) бітірген.
1995-96 жылдары Алматы қаласындағы №138 талантты балалар лицейінде оқытушы, 1999-2003 жылдары Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтында доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқараған. 2004 жылдан Еуразия ұлттық университетінде қызмет істейді.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты – әдебиеттің теориялық мәселелері, өлеңтану, көркем мәтінді теориялық талдау.
100-ден астам ғылыми мақаланың, 2 монографияның авторы.

Марапаттары

Қазақстан Респуьликасы Президентінің Алқыс хатымен (2001), бірнеше гармоталармен марапатталған.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер