Азамат серіктестігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азамат серіктестігі” — қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысқан мәдени ұйым. А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың ұйымдастыруымен 1913 жылы желтоқсан айында Орынборда құрылған. Негізгі мақсаты — мүшелік жарна (әр адамнан — 100 сом) есебінен “Қазақ” газетінің үзіліссіз шығып тұруына жәрдемдесу. Сондай-ақ, қазақ қоғамындағы оқу-ағарту жұмыстарын өрістетіп, зәру оқу құралдары мен әдебиеттерді баспадан шығару, мектеп-медреселердегі мұқтаж шәкірттерге қаржылай көмек беру т.б. қайырымдылық шараларын ұйымдастыру ісімен айналысты.

Оған Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Шәкәрім, Н. Құлжанова және т.с.с. қазақ зиялылары мүше болған. Ахмет пен Міржақып “Алаш азаматтарына” деген мақалада (“Қазақ” газеті, 1913 ж., №42): “Бұл серіктік — көпес серіктігі емес, кәсіпші серіктігі емес, “Азамат серіктігі”. Бұған кіретін адамдар жұрт жұмысы турасында жалғыз ақшасымен серіктес болмай, көңілімен, ниетімен серіктес болуы қажет” деп жазды. “ Азамат серіктігінің” қай жылы таратылғаны белгісіз.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азамат серіктестігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}