Азамат Несіпбайұлы Есқараев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Азамат Несіпбайұлы Есқараев<ref name="premyer">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> (7 қазан 1979 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер және заңгер, 2025 жылдан бастап Қазақстанның Үндістандағы елшісі. Бұрынғы Әділет министрі (2023—2025).
Жастық шағы және білімі
Азамат Есқараев 1979 жылғы 7 қазанда Алматыда дүниеге келген. Жоғары білімін Қазақ гуманитарлық заң университетінде алды.<ref name="zakonkz" />
Мансабы
Еңбек жолын Есқараев 1996 жылы коммерциялық саудада және Алматыдағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған.<ref name="zakonkz" />
2000–2002 жылдары ол Әділет министрлігінің Заңнама департаментінде бас маман болды. 2002 жылдан 2003 жылға дейін Есқараев сол департаментте бөлім, кейін басқарма басшысы болды.<ref name="baqkz">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
2003–2005 жылдары аралығында Есқараев Заңға тәуелді актілер департаментіндегі бөлімді басқарып кетсе, одан кейін, 2006 жылға дейін Алматы қалалық әкімдігінің бас инспекторы болды.
Астанаға көшкесін<ref name="zakonkz" /> 2006–2007 жылдары ол елордадағы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері және 2007 жылы Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы қызметтерінде болды.<ref name="baqkz" />
2007 жылғы шілдеден 2008 жылға дейін ол Әділет министрі Зағипа Балиеваның көмекшісі болса, одан кейін, 2009 жылға дейін министрліктің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды.<ref name="zakonkz" /> Оған қоса Есқараев 2012–2014 жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (ЭҚСЖҚКА) инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы болған.<ref name="premyer" />
2014 және 2019 жылдары аралығында ол Премьер-министр Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Одан кейін, 2023 жылғы қаңтарға дейін Есқараев Қазақстан премьер-министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.<ref name="premyer" />
2023 жылғы 4 қаңтарда Азамат Есқараев президент Тоқаевтың жарлығы бойынша Әділет министрі лауазымына тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Сол жылғы 4 сәуірде ол сол лауазымына қайта тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Смайылов үкіметінің отставкасына қарамастан, 2024 жылғы 6 ақпанда Есқараев өз лауазымына қайта тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2025 жылғы 9 қаңтарда Президент Жарлығымен Әділет министрі лауазымынан босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2025 жылғы 7 сәуірде Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2026 жылғы 10 шілдеде оған Бангладеш, Бутан, Мальдив және Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқару жүктелді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті