Азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мазмұны
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы жалпы тусінік
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз — шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауап кершіліктің түрі.
Азаматтық-құқықтық катынастың көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді: <poem> а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;</poem> <poem> ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;</poem> <poem> б) борышқорды міндеттемені орындамаганы немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;</poem> <poem> в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу; </poem> <poem> г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.</poem>
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді аткарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.
Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығып келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.
Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаныц мүліктік жағдайын қалпына келтіру.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері
Азаматтык-құқықтық жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.
Азаматтық құқық бұзушылықтың элементтеріні жататындар: белгілі бір тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті; келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың болуы; құкыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары арасындағы себепті байланыс; құқық бұзушының кінәсі. Борышқорды міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен жүзеге асырылады.
• Тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті немесе өрекетсіздегі заңға немесе шартқа сәйкес келмейтін құқыққа қпинікі әрекет. Мұндай жағдайда белгілі мүліктік игіліктер мен қүқықтар бұзылады. Сонымен қатар құқыққа қайшы әрекет объективті жене субъективті құқықтардың бір мезгілде бұзылуын білдіреді."
• Зиян — заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.
Жауапкершіліктің негізгі нысаны залалдыңорнынтолтыру. Залалды өтеу мен міндеттеменің бұзылуы барлық жағдайында жүзеге асуы тиіе. Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге келтірілген шығындарды өтеуі тиіс. Құқығы бүзылған тұлға оған келтірілген шығынның «•рнын толық өтеуді талап ете алады.
• Залал — зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиіс болған маидалар (жіберілген пайдалар).
Залалды анықтау барысында міндеттемеге орындалуы тиіс болған орындағы бағалар ескеріледі.
Жіборіп қойған пайданы есептеу барысында несие берушінің пайданы алуға бағытталған әрекеттері мен дайындықтары ескеріледі.
• Құқыққа қайшы өрекет немесе әрекетсіздіктің тікелей себіпші болуынан келтірілетін зиян немесе т.б. мүліктік ауыртпалық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктегі себіпті байланысты көрсетеді.
Борышқор міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінөлі болғанда ғана жауапты. Егер борышқор ол міндеттемені тиісті деңгейде орындауға бар мүмкіншілігін қолданғанын дәлелдей алса кінәсіз деп танылады.
Заңды тұлға — жоғары қауіптілік көзінің иесі зардап шегушілердің алдында тікелей кінәсі болмаса да жауапты болады. Жоғары қауіптілік көзіне көлік құралдары, өндіріс кәсіпорындары, жануарлар, құрылыстар жене т.б. жатады.
Моральдық зиянның орнын толтыру
• Моральдық зиян — жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т.б.).
Моральдық зиян мүліктік залалдың нысанына қарамас- тан ақшалай нысанда төленеді. Моральдық зиянның көлемін анықтау барысында жәбірленушіге келтірілген зиянның субъективтік жәнө объективтік мән-жайлары ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің ерекшеліктері
Заңда 18 жасқа дейінгілерді кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14—18 жас аралығындағыллр жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болыи табылады. Осыған орай бүл жас аралығындағыларды азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың да ерекшелігі болатындығы өзінен-өзі түсінікті.
Осы көрсетілген жас аралығындағылар белгілі зиян келтіретін болса, онда өздерінің жас шамаларына қарай әр түрі азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылаы 14 жасқа дейінгілер біреудің мүлкіне зиян келтіретін болш егер келтірген зиян өздерінің кінәсінен болмағандығы дәлелдемесе, (өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмім онда келтірген зиян үшін ата-анасы, асырап алушыллр немесе қамқоршылары жауап береді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ата-аналар мен т. б, адамдардың кінәсі ретінде баланы тиісті дәрежеде, тәрбиелемеу жәнө бақыламау карастырылған.
11 жасар бала аулада доп ойнап жүр делік, ал оның әкі сол аулада өзінің танысымен шахмат ойнап отыр. Жаңағы дол жүрген бала ойын барысында көршілердің біреуінің терезесін сындырып алды. Осы жағдайда кім жауап береді? Әрине оның ата-анасы, себебі бала доп ойнап жүргенде оны тиісті дәрежеде қадағалап отыруы керек еді. Оны шахмат ойынына берілген әкесі ұмытып кетті немесе көңіл бөлмеді.
Тағы да мынадай жағдайды алайық, бұзақылықпен айналысып жүрген (оған дейін де бұзақы екендігі белгілі) 12 жасар бала дүкеннің терезесін сындырып ішінен бір кассета ұрлап алады. Бұл жерде баланың ата-анасының кінәсі бар ма? Әрине бұл жағдайда да баланың ата-анасы кінелі болады. Өйткені олар балаға тиісті дәрежеде тәрбие бермеген, яғни баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты міндетін тиісінше атқармаған.
Егер көмелеттік жасқа толмаған қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде халықты өлеуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса және зиян өзінің кінәсінен болмағанын дәлелеомесе, жас балаға келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті.
Сонммен , азаматтық-құқықтық жауапкершілік — шартта немесе зыңда көрсетілген реттерде жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру үшін немесе мүліктік самақ салу түрінде болып келетін жауапкершіліктің бір түрі. азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздеріне сол жауапкершілікті тудыратын жағдайлар шартта немесе заңда көрсетіліген құқықтарды бұзу жатады. <ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}