Ажал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ажал - діни-теологиялық ұғым-категория, тіршілік иесіне (нақтылап айтсақ, адамға фәни дүниедегі) белгіленіп берілген мөлшерлі мерзім, уақыттан соңы, аяқталуы. Ажал ұғымының түп негізі Құран Кәрімде (3:145) Аллаһ Тағаланың құдіретімен белғіленіп қойылған деген түсінікті береді ажал - Шәкәрім шығармашылығындағы кездесетін тірек ұғымдардың бірі. «Мұсылмандық шарты» еңбегінің «Ажал туралы» бөлімінде Ажал ұғымын таратып айтады. Осы еңбегінде, Құран Кәрімнен және Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) хадистерінен мысалдар келтіріп, мол түсіндіріп келеді де, өз ойын: «...Шайх Сағди айтқан: «Кісі ажалсыз өлмейді, Әйтсе де ажалсыз өлмеймін деп айдаһардың аузына кірме деген» деп түйіндейді. Шәкәрім өзінің көркем философиясында ажал ұғымына кең өріс береді. Поэзиялық шығның шарықтау шегінде, шешімді сәттерінде ажал ұғымын Аллаһ Тағала, асық (ғашық), тағдыр, сөз құдіреті, т.б. ұғымдармен астастыра береді. <ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

АЖАЛ - екі мағыналы ұғым. Біріншісі, дәстүрлі дүниетанымда да, мұсылман агиологиясында да жасағанның әмірімен адамның, жалпы тіршілік иелерінің жанын алатын тылсым құдірет иесі. Екіншісі, адамның биофизиологиялық ғұмырының аяқталғанын білдіреді.

Қазақ мифологиясында жаналғыш Әзірейіл періште бейнесі ажалдың түрінде айтылады. Ал исламға дейінгі түсінікте ажал Сүрмерген, кейде Сүржекей бейнесінде болғанын көрсетеді және бұл мифтік бейне ислам мифологиясындағы Әзірейілден әлдеқайда көне болуы ықтимал. Ұрыс-соғыста қауіпті-қатерде «Сүрмерген жолға шықты», «Ажал оғы қайсымызға тиер екен» дейді екен. Ауру-сырқау адамның да ажалы жақындағанда ажал төнді дейді.

Ажал ұғымы адам баласының өмірі алдын-ала құдай құдыретімен белгіленіп қойылған дейтін көне сенім- наным, түсініктерді де қамтиды. «Тағдыр», «маңдайға жазылған», «жазмыштан озмыш жоқ», «пешенеде бар» деген секілді сөздер осының дәлелі.

Ажалға байланысты қанатты сөздер

«Тәуекел eт тe тac жұт, ажал жетпей өлмек жоқ», «Қырық жыл қырғын болсада, ажалды өледі», «Ажалды өле ме, аурулы өле ме», «Ажал жетпесе оқжетпейді», «Ажал мен ақымаққа дауа жоқ», «Ажал айтып келмейді, өткен қайтып келмейді» «Ажалдан ақша беріп құтылмайсың» деген сөз орамдары мен мақал-мәтелдерде ажал – тіршіліктің қажетті де, маңызды бір шарты. Ажал адам үшін табиғи ырықсыз процесс қана емес, сонымен бірге, қоғамдық қатынастар жүйесіне кіретін адамгершілік және әлеуметтік мәні бар жайт бо¬лып табылады. Дінтануда ажал туралы түрлі қағидалар мен ағымдар кездеседі<ref>Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы: Ғылым, 1984</ref>.

Ал, діни түсінік бойынша, ажал жанның тәннен сая таппай тастап шығуы кезінде болатын құбылыс және адам баласының о дүниедегі өмірінің бастамасы деп есептелінеді. Құдайдың құдіретімен әуел баста ажал деген маңдайға жазылып қойған жазмыш, яғни белгіленген мезетте ажал жетеді деген наным-сенімдер жүйесі қалыптасты. Тәңірдің «маңдайға жазғаны», «жазмыш» тәрізді сөздер осы түсінікті аңғартады. Мұндай түсінікті байырғы ақын- жыраулардың өлең-жырларынан, мақал-мәтелдерден айқын аңғарылады: Айғайласып жауға ти! Тәңірім білер жігіттер, Ажалымыз қайдан-ды! (Махамбет)<ref>Базар жырау. Жырлары. Алматы: Жазушы. 1986; Бақтыбай ақын. Жел қобыз. Жырлары. Алматы: Жазушы. 1987</ref>.

Жалаңаш бар да жауға ти, ажал жетпей өлмейсің (мақал). Қазақы дүниетаным тұрғысынан «ажал» - тіршіліктің болмай қоймас шарты. Мысалы, Адамды аңдып жүрген ажал дұшпан, Өлімнің білмейді ешкім ерте-кешін (Базар жырау). Адамға ажал тағдыр жақын келсе, Қызықты қызық дүние қарап қалар (Бақтыбай ақын)<ref>Муродое О. Аджина // Мифы народов мира. Энциклопедия. Т.1. М.: Советская энциклопедия. 1987 </ref>. Ажалға байланысты қалыптасқан ажалдың исі шықты деген фразеологизм өлім қаупі келді, өлетін уақыт жетті деген мағынаны білдіреді.

Дереккөздер

<references/>



{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}