Абай (Қазалы ауданы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Абай — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Сарыкөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 14 км жерде, Сарыкөл көлінің жағалауында орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1117 адам (543 ер адам және 574 әйел адам) болса, 2009 жылы 1134 адамды (565 ер адам және 569 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Тарихы

Іргесі 1928 жылы қаланған. 1928-1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін өзімен аттас ұжымшардың орталығы болған. Ұжымшар негізінде және округтегі Ботабай, Жұбан, Қазанғап, Ізтілеу базы, Семурат базы, Шаратай ауылдарында шаруа қожалықтары құрылған.

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазалы ауданы елді мекендері