Абай ескерткіші (Мәскеу)
Абай Құнанбайұлының ескерткіші Мәскеудегі Чистопрудный бульварында, Қазақстан елшілігіне жақын жерде орналасқан.
Тарихы
2006 жылы Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстанда — Пушкин жылы, ал Ресейде — Абай жылы деп жариялады. Осыған орай Астана мен Мәскеуде ақындарға арналған қола ескерткіштер орнатылды. Оған дейін, 1999 жылғы 29 қазанда орыс ақыны Александр Пушкиннің 200 жылдығына орай Алматы қаласында оның бюст-ескерткіші орнатылған болатын. Мүсіннің авторы — ресейлік скульптор Анатолий Бичуков, ал архитектуралық шешімін Тохтар Ералиев пен Анатолий Анчугов әзірлеген.
Мәскеудегі Абай ескерткіші — Қазақстанның Ресей астанасына жасаған сыйы. Ескерткіш орнату туралы шешім 2005 жылғы 17–19 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге ресми сапары кезінде қазақ диаспорасының өкілдерімен өткен кездесуде қабылданды.<ref name=book2006>Үлгі:Кітап</ref> Жобаның қаржыландыруын Қазақстан жағы толық өз мойнына алды. Ескерткішті орнатуға шамамен 162 млн теңге, яғни 1,25 млн АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ескерткіштің ашылу рәсімі 2006 жылғы 4 сәуірде өтті. Оған Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.<ref name=book2006/><ref>Үлгі:Cite web</ref>