«Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:«Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесі.jpg
«Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесі

Мұражай- қорықта 2012 жылдың 29 ақпанынан 29 сәуіріне дейін Николай Константинович Рерих пен Святослав Николаевич Рерих картиналарының «Орталық Азия соқпақтары бойынша» атты көрмесі көрсетіледі, ол академик Н.К.Рерихтің Орталық Азиядағы экспедициясының 85 жылдығына арналған. Көрме Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы мен Н.К.Рерихтің Халықаралық Мұражай-Орталығының (Мәскеу қаласы) бірлескен жобасы болып табылады. Көрмеге Н.К.Рерихтің 61 картинасы және С.Н.Рерихтің 9 картинасы қойылған. Көрме құрамына атақты Рерихтер отбасының ресейлік және әлемдік мәдениетке қосқан үлесін ашып көрсететін фотосуреттер мен бейнефильмдер енген.


Сипаттамасы

Халықаралық Рерихтер Орталығы суретші туындыларының ең ірі коллекцияларына (700-ге таяу картина) ие болған. Құрамына Н.К.Рерих атындағы Мұражай енетін бұл ұйым суретшінің кіші ұлы – Святослав Николаевич Рерихтің бастамасымен құрылған болатын, ол 1990 жылы Ресейге Рерихтер отбасының мұрасын берген еді. С.Н.Рерихтің таңдауы бойынша Н.К.Рерих мұражайы Мәскеудің тарихи орталығындағы ХҮІІ-ХІХ ғасырлар сәулетшілігінің ескерткіші болып табылатын Лопухиндердің көне қонысында орналастырылды. Мұражай 1993 жылдың ақпанында ашылған еді.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА 2009ж. 111бет.

2. Қазақстан суретшілері және олардың туындамасы кітабы, 2007ж. 89бет.