Сүйел

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Сүйел.jpg
Шар пішінді сүйел

Сүйел<ref>Шаңырақ. Үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы - 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)</ref> - тері қабатына шығатын, көбінесе жұқпалы болып келетін мүйізді қабықтармен жабдықталған эпидермалық қатерсіз өскіндер. Олар адамның папилломатоздық вирусының кейбір түрлерінен таралады.

Түрлері және сипаттары

Сүйелдің кәдімгі, жалпақ, үшкір және кәріліктен болатын түрлері бар:

  • кәдімгі сүйелдің кішкенесі түйреуіш басындай, ірісі бұршақ дәніндей, ал пішіні жартылай шар тәрізді немесе сопақша болады. Ол қолдың сыртына, саусаққа, табанға шығады. Тырнақ маңайына және табанға шыққан сүйелдер жанға батуы мүмкін.
  • жалпақ сүйелдер дөңгелек немесе үшкір пішінді түйіншек сияқты болады. Бұл көбінесе бетке және қолдың сыртына шығады. Ол жұқпалы болады. Жалпақ сүйелдер кейде бірнеше айдан соң өздігінен жоғалып кетеді.
  • ұдайы тітіркеніске ұшыраған тері үстінде үшкір сүйел пайда болады: кейде ол өршіп, пішіні тауықтың айдары немесе түсті мыңжапырақтың басы секілді бұжырланып кетеді.

Бұл сүйелдерді сүзілгіш вирустар қоздырады, ол тікелей ауырған адамнан және үйдегі заттардан жұғады.

  • кәрілік сүйелі егде тартқан адамдарға шығады. Ол дөңгелек, сопақша немесе бұрыс пішінді, ал көлемі жағынан жасымық дәніндей болады. Көбінесе кеудеге, арқаға, бетке шығады; түсі - сұрғылт сары немесе қызыл қоңыр келеді.

Кейде теріге сыртқы түрі кәрілік сүйеліне ұқсас кератома деп аталатын өсік шығады. Әр түрлі тітіркендіргіштердің (физикалық, механикалық, химиялық) әсері салдарынан қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Сондықтан теріде мұндай өсіктер пайда болғанда дереу дәрігерге қаралған жөн.

Сақтық шаралары

Емдеу жолдары

Сүйелді (әсіресе балаларға шыққанын) үйде емдеуге болмайды. Қышқыл мен сілтіні жөн-жосықсыз басу теріні күйдіріп, тыртық жасауы мүмкін. Сүйел пайда болғанда дәрігерге қаралған дұрыс.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

  • Краткая медицинская энциклопедия, 2-том. Москва - 1989. ISBN 5-85270-056-8