Жасымық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Жасымық (лат. Lens) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. 10-ға жуық түрі бар. Қазақстанда шығыс жасымығы (L. prіentalі») және тағамдық немесе кәдімгі Жасымық (L. culіnarі) өседі. Кәдімгі Жасымық суыққа төзімді, ылғалды көп қажет етеді. Өсіп-өну кезеңі 75 – 115 тәулік. Өздігінен тозаңданады. Қара топырақта жақсы өседі. Жасымық дәнінде 35% белок, 60% крахмал, 2,5% май болады. Дәнінен жарма, ұн, т.б. жасайды. 1 га-дан 15 – 25 ц дән жиналады. Жапырағы мен сабағын және ұсақ дәнді сортының дәнін малға азық ретінде пайдаланады. Жасымыққа отамалы және күздік дәнді дақылдар алғы дақыл болып табылады. Дәнін қатарлап (тұқым себу нормасы 0,7 – 1,7 ц/га), 3 – 5 см тереңдікте егеді. Бөлектеп жинайды.
Зиянкестері: жасымық қоңызы, шалғын көбелек; аурулары: ақ зең аскохитоз, тат, т.б.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref><ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жасымық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}