Мұхтар Жамашұлы Өтеуов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Музыкант Мұхтар Жамашұлы Өтеуов (12 қаңтар 1952 жыл Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылы) — солист, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Мазмұны
Өмірбаяны
- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетін бітіргөн (1976), соқпалы аспаптар, концерттік орындаушы, оркестрдің солисі, оқытушы.
- 1971 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртісі.
- 1976 жылдан - Қызыл тулы ортаазиялық әскери округ штабының оркестрінде қызметте.
- 1977 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының соқпалы аспаптар тобының концертмейстері, симфониялық оркестрінің нұсқаушысы.
- 1978 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы.
- 1989 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының бас директоры.
- 2006 жылдан - Мәдени саясат және өнертану институтының директоры.
- 2007 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.
- 2010 жылдан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры.
- Қазақстан Музыка қайраткерлері қоғамының мүшесі (1976-1998).
Қосымша лауазымдар, шендер, атақтар
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1997 жылдан).
- Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2003 жылдан).
Шығармалары
- «Ксилофонға арналған хрестоматия (Қазақстан композиторларының шығармаларынан)» (1986)
- «Ғасырдан - ғасырға» (2000) кітап
- «Отырар сазы» оркестрі жайлы, мемлекеттік квартет жайлы, сондай-ақ филармонияның мерейтойына арналған мақалалардың авторы.
Марапаттары
- «Құрмет» (2001)
- «Михаил Ломоносов» (2006) ордендерімен;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен;
- ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
- ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1987).
Отбасы
- Әкесі - Өтеуов Жамаш, марқұм, Үңгіртас ауылында Қастек асыл тұқымды қой өсіру зауытының бас мал дәрігері болып жұмыс істеген.
- Анасы - Өтеуова Жамалқан, зейнеткер, батыр-ана.
- Үйленген. Жұбайы - Өтеуова Юлдуз Мухамеджанқызы.
- Ұлы - Өтеуов Шухрат; қызы - Өтеуова Индира.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub