Мұхтар Жамашұлы Өтеуов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Мұхтар Жамашұлы Өтеуов (12 қаңтар 1952 жыл Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылы) — солист, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Өмірбаяны

  • Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетін бітіргөн (1976), соқпалы аспаптар, концерттік орындаушы, оркестрдің солисі, оқытушы.
  • 1971 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртісі.
  • 1976 жылдан - Қызыл тулы ортаазиялық әскери округ штабының оркестрінде қызметте.
  • 1977 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының соқпалы аспаптар тобының концертмейстері, симфониялық оркестрінің нұсқаушысы.
  • 1978 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы.
  • 1989 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының бас директоры.
  • 2006 жылдан - Мәдени саясат және өнертану институтының директоры.
  • 2007 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.
  • 2010 жылдан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры.
  • Қазақстан Музыка қайраткерлері қоғамының мүшесі (1976-1998).

Қосымша лауазымдар, шендер, атақтар

  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1997 жылдан).
  • Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2003 жылдан).

Шығармалары

  • «Ксилофонға арналған хрестоматия (Қазақстан композиторларының шығармаларынан)» (1986)
  • «Ғасырдан - ғасырға» (2000) кітап
  • «Отырар сазы» оркестрі жайлы, мемлекеттік квартет жайлы, сондай-ақ филармонияның мерейтойына арналған мақалалардың авторы.

Марапаттары

  • «Құрмет» (2001)
  • «Михаил Ломоносов» (2006) ордендерімен;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен;
  • ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
  • ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1987).

Отбасы

  • Әкесі - Өтеуов Жамаш, марқұм, Үңгіртас ауылында Қастек асыл тұқымды қой өсіру зауытының бас мал дәрігері болып жұмыс істеген.
  • Анасы - Өтеуова Жамалқан, зейнеткер, батыр-ана.
  • Үйленген. Жұбайы - Өтеуова Юлдуз Мухамеджанқызы.
  • Ұлы - Өтеуов Шухрат; қызы - Өтеуова Индира.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub