Пустынное мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:47, 2015 ж. мамырдың 21 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мұнай кен орны

Пустынное мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңы өңіріндегі мұнай кен орны. Атырау облысында, Жаңа Қаратон елді мекенінен оңтүстік-батыс 40 км жерде орналасқан, 1968 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Бор шөгінділерінде (сеноман және апт жікқабаттарында) екі мұнайлы горизонт анықталған. Жатындардың күмбездегі тереңдіктері сеноман горизонты үшін 272 м, апт горизонты үшін 760 м.

Жатыс сипаты

Жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған, биіктіктері 28 және 16 м. Су-мұнай жапсары -323 және -797 м белгілерде. Өнімді горизонттар терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштардың мұнайға қаныққан қалыңдығы 4-7,3 м. Мұнайға қанығу коэффициенттері 0,73 және 0,57.

Құрамы

Мұнайы ауыр, тығыздығы 953 және 925 кг/м3, күкіртті (0,6-1,02%) аз парафинді (0,068-0,4%). Кен орнында 1983 жылдан бері жұмыс тоқтатылған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер