Приграничное мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:48, 2015 ж. мамырдың 21 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мұнай кен орны

Приграничное мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының солтүстік бөлігіндегі мұнай кен орны. Орал қаласының солтүстік-батысында 90 км жерде 1993 жылы параметрлік ұңғыманы сынамалау кезінде белгілі болды.

Геологиялық құрылымы

Жатын құмтастар қабатынан орын алған, типі қойнауқаттық күмбездік, тектоникалық тұрғыдан шектелген. Сейсмикалық деректер бойынша, тұтқыштарды солтүстік-батыс бағытына созылған Приграничное көтеріңкі өңіріне кіретін антиклин қалыптастырған, ол өзінің өрлемесі бойынша тектоникалық тұрғыдан қалқаланғанға ұқсайды.

Жатыс сипаты, құрамы

Құрылымның өлшемдері 4,7x6,7 км, амплитудасы 175 м. Жинауыш қойнауқаттардың оңтүстіктен солтүстікке қарай сүйірленуі нәтижесінде жатындар литологиялық түрғыдан қалқаланған болуы да мүмкін. Бұл жағдайда құрылымның өлшемдері 4x8 км-ді құрайды. Ұңғымадағы өнімді шөгінділердің беті 4444 м, табаны 4454 м тереңдіктерде. Қойнауқаттың қалыңдығы 10 м, тиімді мұнайға қаныққан қалыңдығы 8,4 м. Жатынның су-мұнай жапсары толық анықталмаған, бірақ 4400-4450 м-лік белгілерде деп болжанады. Жатынның жалпы қалыңдығы 191 м деп шамаланады, орташа кеуектілігі 10,0% құмтастар жинауыш болып табылады. Қалыңдығы 5 м-дей тиман горизонтының саздары мен аргиллиттері жапқыш болып саналады. Сыналған 4442-4457 м аралығындағы мұнайдың шығымы 4 мм-лік штуцерде 12 м3/тәулікті құрайды. Мұнайдың тығыздығы 805 кг/м3. Күкірт мөлшері анықталмаған. Табанасты сулары ашылмаған. Кен орнында жұмыс тоқтатылған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер