Мәтжан Тілеумағанбетұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:29, 2016 ж. қаңтардың 28 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Мәтжан Тілеумағанбетұлы, Мәтжан би (1841, Атырау облысы Жылыой, Мақат аудандары маңы – 1929, Құлсары маңы) – би. Жастайынан нағашысы шегем Көбен бидің тәлім-тәрбиесін алған. Туған халқының тілі мен ділін терең меңгерген ол шалбар Қалнияз ақын, есен Сейіт би, жары Абыл Тілеуұлы сияқты сөз зергерлерінің әдеби мұрасын зердесіне тоқып әрі оларды өзінше қорытып, жетілдіре, дамыта түседі. Ол кезде жиырма бес таңбалы Кіші жүз ішінде жер мен жесір дауы, өзара қырқыстар мен қақтығыстар, оған қоса жергілікті қазақтарға орыс өкіметінің шенеуніктері, Хиуа мен Бұқара хандарының әділетсіз зорлық-зомбылықтары кең етек алған болатын. Мәтжан осы дау-дамайларды бітістіруге қатысып, елінің құрметіне бөленген. Мәтжан бидің шешендік сөздері республикалық басылымдарда әр кезеңде жарық көрді. Зираты Жылыой ауданы өңіріндегі Адай қорымында.<ref>«Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәтжан Тілеумағанбетұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}