Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Колумбия үстірті"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(clean up, replaced: энцклопедия → энциклопедия using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

10:53, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Колумбия үстіртіСолтүстік Америка Кордильерасындағы лавалық үстірт.

Географиялық орны

АҚШ-тың солтүстік-батысындағы Каскад және Сеңгір таулары аралығында. Ауданы 500 мың км2. Биіктігі 700 – 1000 м.

Геологиясы

Іргесі палеозойдың кристалл және шөгінді жыныстарынан, одан жоғары қабаттары миоцен мен плиоценнің базальтынан түзілген.

Жер бедері

Сурет:PacificNW volcanics.png
Колумбия үстірті Колумбия өзенінің базальттық қатпарлығының басым бөлігін алып жатыр (жасыл түспен белгіленген)

Жер бедері, негізінен, тегіс, тек кейбір тұстары толқынды-төбелі келген. Шымды дала қалыптасқан. Оның басым бөлігі жыртылған. Үстірт Колумбия, Снейк өзендерінің каньондарымен тілімделген. Өзендерінде су құламалары мен шоңғалдар көп, бірнеше СЭС салынған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер