Колумбия үстірті
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Колумбия үстірті – Солтүстік Америка Кордильерасындағы лавалық үстірт.
Географиялық орны
АҚШ-тың солтүстік-батысындағы Каскад және Сеңгір таулары аралығында. Ауданы 500 мың км2. Биіктігі 700 – 1000 м.
Геологиясы
Іргесі палеозойдың кристалл және шөгінді жыныстарынан, одан жоғары қабаттары миоцен мен плиоценнің базальтынан түзілген.
Жер бедері
Сурет:PacificNW volcanics.png
Колумбия үстірті Колумбия өзенінің базальттық қатпарлығының басым бөлігін алып жатыр (жасыл түспен белгіленген)
Жер бедері, негізінен, тегіс, тек кейбір тұстары толқынды-төбелі келген. Шымды дала қалыптасқан. Оның басым бөлігі жыртылған. Үстірт Колумбия, Снейк өзендерінің каньондарымен тілімделген. Өзендерінде су құламалары мен шоңғалдар көп, бірнеше СЭС салынған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>