Каскад таулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау Каскад таулары (Үлгі:Lang-en) – Солтүстік Америкада, Кордильера тауларының батыс белдеміндегі жота.

Географиялық орны

Сурет:Cascaderangemap.jpg
Каскад тауларының картасы

Негізінен АҚШ-та, солтүстік бөлігі Канадада орналасқан. Ұзындығы 1167 км-ге жуық. Солтүстік мен батысы жағалаулық жоталармен (Фрейзер өзеннен бастап), оңтүсітігінде Сьерра–Невада тауларымен шектелген.

Жер бедері

Таулардың шығыс беткейлері тік, құлама шатқал түзейді, батысы көлбеуленіп жағалаулық жоталарға ауысады.Тау өңірінде ұлттық саябақтар орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Кристалдық және жанартау жыныстарынан түзілген. Бірнеше сөнген және әрекетті жанартаулар (Рейнир, 4392 м, Шаста, 4317 м) бар.

Климаты

Климаты қоңыржай теңіздік. Қыс айларының жылдық орташа температурасы солтүстік бөлігінде –6°С, оңтүстігінде 6°С, жаз айларындағы орташа температура солтүстігінде 22°С, оңтүстігінде 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. жоталардың батыс беткейінде 2000 мм, шығысында 800 – 1000 мм.

Өсімдігі

Жота беткейлерінде шырша орманы, одан жоғарыда субальпілік және альпілік шалғын өседі.

Су торабы

Ірі өзендері: Фрейзер (солтүстігінде), Колумбия (орта бөлігінде) және Сакраменто (оңтүстігінде). Өзендер меридиандық бағытта орналасқан тау жоталарын тесіп кесе көлденең (әсіресе, Колумбия өзені) ағады және олар бірнеше саты құрайды. Таудың Карпат тауы аталуы да осыдан. Кейбір жылдары мұз ерігенде қатерлі сел жүреді. Тауларда көптеген мұздық және жанартаулық көлдер бар. Шелан көлі (тереңдігі 500 м) маңында биіктігі 1000 м-ге дейінгі тік жартастар кездеседі. АҚШ-тағы ең терең көл – Орегон (тереңдігі 608 м) орналасқан.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы, IV-том </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер