Ежелгі Тараз қаласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:12, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Уики Ежелгі Тараз қаласы І-ХІХ ғғ. Жамбыл облысы, Тараз қаласының орталық базары аумағында орналасқан. Қалашық қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Оның аумағында (қамал, шахристан) Орталық рынок орналасқан. Оның маңайын қала үйлері алып жатыр. 20 ғ-дың бас кезінде ұзын дуалдар төңірегінде отыздан астам төмпешіктер-қорғандар, қоныстар, некропольдер қалдығы бар еді. Қазіргі кезде олардың бәрі тегістеліп, үйлер салынған. Сүлейманов көшесінің батыс бөлігіндегі төрткүл және телеорталық ауданындағы қоныс, сондай-ақ қаланың солтүстік шетіндегі ұзын дуалдардың жекелеген бөліктері сақталынып қалды. 1867 ж. қалашықты П.И. Лерх зерттеді. 1893-94 жылдары Талас даласындағы ескерткіштермен бірге Әулиеата аумағындағы қалалар ескі орнын В.В. Бартольд қарап шықты. Алғаш рет қазба жұмысы 1927 ж. (М.Е. Массон) жүргізілді. 1938 ж. қалашық шахристанымен қамалына КСРО ҒА Қазақ бөлімшесі экспедициялары (А.Н. Бернштам) алты жерден қазу жүргізді. 1940 ж. қазуды Жамбыл археологиялық пункті (Г.И. Пацевич), 1958 ж. - Қазақ КСР-нің АЭҒЗИ-нің Тараз археол. экспедициясы (Т.Н. Сенигова) жүргізді. 1960-65 жж. Қазақ КСР ғылым академиясының АЭҒЗИ (Е.И. Агеева, Т.Н. Сенигова, М.С. Мерщиев) орта азиялық экспедициясы қайта қазу жұмыстарын жүргізді, 1983-85 жж. Қазақ КСР ғылым академиясының Тараз археол. экспедициясы, одан кейін Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени ескерткіштер жиынтығы археол. экспедициясы жалғастырды. Ескерткі

Сурет:Aulie-ata Razvaliny citadeli.jpg
Әулиеата бекінісі 1871-1872 жылғы фото

штердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археол. жұмыстардың, сондай-ақ қазіргі қала аумағына құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде табылған заттар нәтижесінде көне және орта ғасырдағы Тараз өмірінің әртүрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталды. Тараз орнына құрылыс орындары салынды, сондықтан қалашықтың бейнесін 19 ғ.: және 20 ғ-дың 30 жылдарындағы жиналған мәліметтер негізінде көз алдымызға елестетуге болады. Қазба жұмыстары орта ғасырдағы Тараздың қамалдан, шахристаннан, рабаттан (қорған) және аумақтардан тұрғанын айғақтайды. Қазіргі кезде шахристанның солтүстік дуалының 370 м-ге дейін, батысы 160 м-ге дейін созылғандығын аңғаруға болады. Оңтүстігінде қалашық қалдықтары 200 м қашықтың көлемінде байқалады. Шахристанның солт. дуалына қамал жалғасқан. Жоба бойынша ол тік бұрышты төбе, жақтауларының ұзындығы 175 м (солт.), 117 м (батысы), 115 м (шығысы) және 125 м (оңтүстігі). Тік қазу жұмыстары шахристан мен қамалдың өмірі кезеңдерін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жаңа дәуірдің алғашқы ғасырына тән қабаттар қамал мен шахристанның оңт.-батыс бөлігін қазу кезінде табылған шикі балшықтан жасалған кірпіштер сынықтарынан, қыш ыдыстардан, күлді қабаттардан анықталды. Қатпар қалыңдығы - 0,5 м. Қамалды қазу барысында 4-6 ғғ-дағы қабаттар ашылды, оның қалыңдығы 1,5 м-ге дейін барды. Одан тік бұрышты шикі кірпіштен - 50 х 29,5 х 9,5 см - қаланған бөлмелер қалдығы аршылды. Ғимарат қабырғасы 1 м биіктікке дейін сақталған, ені - 1-1,5 м. Қабаттар астынан өзіндік пішіні бар қыш заттар - жұқа жақтаулы шөшкелер, құмыралар, хумдар, темір пештер табылды. 6-8 ғғ. қабаттары барлық қазу кездерінде кездесті. Олардың мьіқтылығы 1,5 х 2,5 м. Қамалға баратын кеулеме қазба орнында осы кезеңге жататын екі дәліз бен бөлме табылды. Олар шикі кірпіштен көлемі. 26-28 х 50-60 х 8-9 см етіп қаланыпты. Қыш заттары түрлерінің әрқилылығымен және сән ерекшелігімен дараланады. Осы жерден формасы металл ыдыстарға жақын алмұрт формалы құмыралар, кружкелер табылды. Ойып салынған оюлары бар қақпақтар, қыш мүсіндерді құюға арналған үлгілер, сирия жазуы бар ыдыстар шықты. 8-10 ғғ-дағы қатпарлар осы кезеңдегі қала өмірінің аса қауырт болғанын айғақтайды. Табылған темір ақшалар 7-8 ғғ.-ды көрсетеді. Күйдірген кірпіштен салынған (0,22 х 0,22 х 0,05 м), едені төселген бөлмелер, төселген тастар құрылыс техникасының өзгергенін дәлелдейді. Толық пісірмей жасаған қыш заттары ішінде қызғылт ойып салынған өрнектері бар жылтыр кружкелер мен құмыралар көп кездеседі. Әбден суарылған ыдыстар ақ, ашық, көк және қоңыр түспен жылтыратылған және өсімдік өрнектері салынған. 11-12 ғғ. металл ақшалармен ерекшеленеді. Қабаттар астынан темір пышақ, қалайы бұйымдар сынықтары, шыны мен тастан жасалған алқалар, шыны ыдыстар табылды. Көп мөлшерде суарылған ыдыстар шәшкелер, тәрелкелер, шырақ сауыттары шықты. Сіңірілген бояу түстері ашық және ақ. Өрнектер қоңыр, көк, қызыл бояулармен, кейде олар оюлармен үйлестіріле боялған. Өрнектері өсімдік суреттері, геометриялық, эпиграфиялық болыа келеді. Суарылмаған қыштар тар мойынды құмыралар, кружкелер, шәшкелер, хумдар. Қалашықтың әртүрлі бөлігінде жүргізілген қазба жұмыстары Тараздың әркездегі кезеңдерін аңғартатын құрылыс кешендері мен тұрақтарын айғақтайды. Шахристанның шығыс бұрышы жағынан қазылған 200 шаршы м алаңнан монша қалдықтары табылды. Жобасында ғимарат шаршы формалы (13,5 х 12,5 м), сыртқы қабырғасының қалыңдығы - 1 м. Барлығы 7 бөлме аршылды орташа көлемі 3,05 х 3,15, 2,52 х 3,92. 1-бөлменің қабырғаларында қызғылт бетке салынған таңбалар және қатарластыра қара түспен сыза жүргізілген сегіз бұрышты сары жұлдыздар сақталыпты. Еден сары, қызыл түсті, мөлшері 0,5 х 0,5 х 0,08 м тегіс тастармен төселген. Биіктігі 0,4 м, ені 0,28 м орындық бөліктері сақталған. 2-бөлмеде (3,05 х 2,52 м) кірпіш ванналар мен кір жуғыш болған. Ванна батыс қабырғаға жақын еденде тұрған. Оның ұзындығы 1,75, ені 0,47, биікт. 0,6 м. Оның іші мен сырты цемент сылақпен қапталған. Бөлменің оңт. қабырғасы қызғылт түспен сырланған. Қабырғаның жоғарғы жағы екі бөлікке бөлінген, асты үшкіл (биікт. 0,5 м, тереңдігі 0,3 м) қуыстармен әрленген. Шығыс жақ қабырғасы шахмат тәртібімен орналастырылған сары түсті жұлдыздармен әшекейленген. 2-бөлме ені 0,79 м есік арқылы үшіншісімен жалғасқан. Бұл жерде ені 0,34 м, тереңдігі 0,26 м астау тұрған. Ашық қызғылт түсті бөлме қабырғаларының іргесіне сары және қызыл түсті сегіз және алты бұрышты деталдар салынған. Көрші 4-бөлменің (2,44 х 2,46 м) қабырғаларында өрнектер жоқ. 5-бөлме нашар сақталған. 6-бөлменің (3,15 х 3,11 м) қабырғалары жақсы сақталған. Қабырға бойына орындықтар қойылған. Батыс қабырғасы сегіз қырлы өрнектермен жабылған, түсі, қара түспен контур жүргізілген, алты қырлы өрнектер сары және қызыл түспен боялған, ал оңтүстігіне жапырақшалы өрнектер жүргізілген. Ең үлкені 7-бөлме (6,71 х З,93 м). Сары және қызыл түсті тегіс плиталы еден жақсы сақталған. Қабырғаларына қуыстар жасалған. Монша бөлмесі құлаған төбесіне қарағанда күмбезбен жабылған сияқты. Моншаға су арнайы орыннан қазылған құдықтан келеді. Бөлмелер монша едені астынан салынған ыстық өткізгіш каналдар көмегімен жылытылған Тараз моншасының салыну техникасы, қабырғаларының өрнектері мен безендірілуі сондай-ақ 11 ғ. мерзімімен белгіленген бұхар темір ақшаларының табылуы моншаның 11-12 ғғ.-да, қаланың экономикалық гүлденуі кезеңінде болғанын дәлелдейді. Орта Азияда монша 8 ғ-дан бұрын пайда болған жоқ, содан кейін таяу және Орта Шығысқа, ақырында Орта Азияға Жерорта теңізі аумағынан ауысқан секілді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда салынған моншалар (Отырар, Баласағұн) жобасы крест үлгісінде. Көптеген моншалардың іргелері Тараз моншасы сияқты өрнектелуінің жиілігімен ерекшеленді. Тараз моншасы Таяу Шығыстағы Қайыр әл Хайыр әл Гарби моншасын еске салады. Қалалық су құбырлары қалдықтары да моншалар мерзіміне сәйкес келеді. Оның 12,8 м белігі зерттелді. Су құбырлары тастан, малта тастан, топырақтан төселген «жастықтар» үстіне қойылған үсті тегіс таспен жабылған. Құбыр үзіктерінің кигізілетін тұстары қыштан жасалған. Олардың ұзындығы 0,25-0,8 м, диаметрі 0,21-0,22 м. Су құбырына су Талас бөгенінен су айдағыш бассейн арқылы жіберіліп тұрған. Су қоймасынан су қыш құбырлармен қаланың барлық бөлігіне жеткізілген. Су құбыры жұмысы 13 ғ-да тоқтады. Тараз қалашығының қазба материалдары Ресей Мемлекеттік Эрмитажы, Қазақстан Мемлекеттік Орталық мұражайы қорларында, Ә.Х. Марғұлан атынд. археология институтының және Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайларында сақтаулы.