Массон

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Массон Михаил Евгеньевич (3.12.1897, Санкт-Петербург — 2.11.1986, Ташкент) — археолог, шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы (1949), проффессор (1949). Түрікменстан ҰА-ның академигі (1951), Орталық Азияда жүргізілген 100-ден астам тарихи-археологиялық зерттеулерге қатысты. Ортағасырлық Кушан, Термез қалаларына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын басқарды (1936 — 38). 1930 — 70 ж. Ташкенттегі Орта Азия университеті археология кафедрасының меңгерушісі болды.
Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне архитектуралық тұрғыда алғаш зерттеу жүргізді (1930). Сондай-ақ сол жерде жерленген қазақ хандарының қабірлері жайында зерттеп, нақты мәліметтер қалдырды.

Шығармалары

О постройке мавзолея Ходжа Ахмеда Яссави в г.Туркестане // Изв. Среднеазиатского географического общества, т. 19, Таш., 1929; По поводу некоторых монетных находок, зарегистрированных на территории Казахстана до 1942 ж.//Вестник АН КазССР, 1948.

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Овезов Д.М., Академик М.Е. Массон, Ашх., 1970. С. Өтенияз
"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub