Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гәкку (телеарна)"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(«Логотип_Gakku_TV.png» дегенді аластады, бұны Ортаққордың қатысушысы JuTa жойған, себ...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
10:36, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Телеарна «Gakku TV» (қаз. «Гәкку ТВ») — Қазақстандағы тек отандық контент таратушы тұңғыш музыкалық телеарна <ref name="Санжар Мустафин: Мы запустили канал по всем законам стартапа // kapital.kz">Санжар Мустафин: Мы запустили канал по всем законам стартапа // kapital.kz</ref>.
Арна еліміздің барлық қалаларының кабельді және спутниктік желілерінде таратылады.
Телеарна қысқа форматты «жедел» ақпарат шығарады. Эфир қазақ және орыс тілдеріндегі музыкалық, жаңалықтық және сауықтық бағдарламалардан құрылған.
Күн сайын отандық әртістердің соңғы 30 жылдағы ең үздік еңбектерінің 400-ге жуығы эфирдегі көрсетілімге шығарылады <ref name="В Казахстане запустили музыкальный телеканал с клипами отечественных звезд // nur.kz">В Казахстане запустили музыкальный телеканал с клипами отечественных звезд // nur.kz</ref>. Музыкалық контент арнада ақысыз түрде таратылады<ref name="«Gakku TV» арнасы туралы // gakku.kz>«Gakku TV» арнасы туралы // gakku.kz</ref>.
Мазмұны
Деректер
- 2013 жылғы 1 қараша — «Gakku TV» телеарнасының құрылған күні.
- Телеарнаның негізін салушы — Санжар Мұстафин<ref name="Санжар Мустафин // kapital.kz">Санжар Мустафин // kapital.kz</ref>, қазақстандық продюсер, «Musan Group» компаниясының басшысы.
- 2014 жылдың 8 қыркүйегінде жаңалықтар бөлімінің алғашқы саны «Gakku TV» арнасынан шықты.
- «Gakku TV» арнасында ең алғаш шыққан бейнебаян — Батырхан Шүкеновтің «Отан-ана» атты туындысы.
- 2014 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласында «Gakku TV» заманауи музыкалық арнасының ашылуына байланысты «Gakku Дауысы» атты бірінші, жыл сайынғы музыкалық фестиваль өтті<ref name="GAKKU ДАУЫСЫ в Алматы // kapital.kz">GAKKU ДАУЫСЫ в Алматы // kapital.kz</ref>. Фестивальға 200 орындаушы, 57 ұжым, 75 концерттік нөмір қатысты<ref name="В фестивале GAKKU ДАУЫСЫ приняли участие 200 исполнителей // kapital.kz">В фестивале GAKKU ДАУЫСЫ приняли участие 200 исполнителей // kapital.kz</ref>. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде Батырхан Шүкенов шақырылды<ref name="Топ-10 лучших видео Gakku Дауысы/14 // gakku.kz">Топ-10 лучших видео Gakku Дауысы/14 // gakku.kz</ref>. Музыкалық іс-шара 7 сағатқа созылды.
- 2015 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласының «Астана» алаңында екінші «Gakku Дауысы» фестивалі өткізілді<ref name="Gakku Дауысы фестиваль казахстанской музыки // gakku.kz">Gakku Дауысы фестиваль казахстанской музыки // gakku.kz</ref>. 6 сағыттық концертке Қазақстанның елу бестен астам әртісі үлес қосты<ref name="GAKKU ДАУЫСЫ: Шесть часов только казахстанской музыки // kapital.kz">GAKKU ДАУЫСЫ: Шесть часов только казахстанской музыки // kapital.kz</ref>. Көрермендер саны 40 мыңнан асты.
- 2016 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған үшінші жыл сайынғы «Gakku Дауысы» атты қазақстандық танымал музыкалық фестивалі өтті<ref name="Фестиваль Gakku Дауысы-2016 собрал рекордное количество зрителей // tengrinews.kz">Фестиваль Gakku Дауысы-2016 собрал рекордное количество зрителей // tengrinews.kz</ref><ref name="В Алматы празднуют 1 000-летие города // tengrinews.kz">В Алматы празднуют 1 000-летие города // tengrinews.kz</ref><ref name="Почему Алматы отмечает 1000-летие // КАЗИНФОРМ">Почему Алматы отмечает 1000-летие // КАЗИНФОРМ</ref>. 90 мың көрермен жинаған концерт фестиваль тарихындағы ең ауқымды шара болып танылды<ref name="Фестиваль Gakku Дауысы собрал около 90 тысяч зрителей // kapital.kz">Фестиваль Gakku Дауысы собрал около 90 тысяч зрителей // kapital.kz</ref>.
- 2016 жылғы 18 мамырда Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында тұңғыш «Gakku Әуендері» атты марапаттау салтанаты өтті<ref name="Самое звездное шоу - «Gakku әуендері» // gakku.kz">Самое звездное шоу - «Gakku әуендері» // gakku.kz</ref>. Қазақстанның ең үздік хиттері бойынша есеп беру түрінде өткен іс-шара екі сағаттай жүргізілді. Оның телевизиялық нұсқасы YouTube желісіне жүктелді. 2017 жылдың басында оны тамашалағандар саны миллионға жетті<ref name="Казахстанских артистов наградят за лучшие песни // tengrinews.kz">Казахстанских артистов наградят за лучшие песни // tengrinews.kz</ref>.
Бағдарламалар мен айдарлар
- «Gakku NEWS» — әр сағаттың басында «Gakku TV» арнасында шығатын шоу-бизнес, спорт, сән әлемі салаларындағы ең шулы және таңғаларлық жағалықтар.
- «Ән-Gimme» — атақты адамдармен тікелей эфирде бейнечат арқылы тілдесу.
- «Derec» — бейнеклиптерді түсіру барысы жайлы экранда баяндайтын титрлар топтамасы.
- «Backstage» — бейнеклип түсіру барысындағы қызықты сәттерді көрсетеді.
- «Gakku Top 10» — отандық телеарнадағы жаңадан шыққан әртістер мен шоу-бизнес саласының озықтары көрермендердің дауыс беруі арқылы бақ сынасатын халықтық чарт.
- «Zhauap Ber» — еліміздің жұлдыздарының қатысуымен өтетін «сұрақ-жауап» түріндегі арнаулы айдар.
- «Сool Тізбе» — мемлекетіміздің шоу-бизнес жұлдыздарының сауықтық рейтингі.
- «Love story» — Қазақстан әртістерінің махаббат хикаялары.
- «Follow Wars» — жұлдыздардың әлеуметтік желілердегі пікірлерге жауап беруі.
Музыкалық блоктар
- #Jap-jana — ұлттық эстраданың ең өзекті хиттері. Қазақстандық бейнеклиптердің алғашқы көрсетілімдері осы блокта #tusaukeser хэштегімен шығады.
- #Solo — бұл блокта белгілі бір әншінің немесе топтың үш бірдей бейнебаяны қатарынан көрсетіледі.
- #Ozgeler — альтернативтік музыка топтамасы (рок, фолк, инди, синти, т.б.).
- #Yep-yeski — қазақстан эстрадасының алтын қоры, уақыт сынынан өткен музыкалық хиттер топтамасы.
- #Chak-chak — ең үздік заманауи бейнеклиптер топтамасы.
- #Altynym-altynym — соңғы 10 жыл ішінде шыққан бейнеклиптер топтамасы.
- #Hip-hop — Қазақстанның үздік рэп орындаушыларының бейнеклиптері топтамасы.
«Gakku FM» радиосы
«Gakku FM» — «Gakku TV» негізін салушылары тудырған қазақстандық музыкалық радиостанция. Трансляциялау 2016 жылы 1 желтоқсанда басталды<ref name="Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақша">Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақша</ref> .
«Gakku FM» эфирінде тек қана қазақстандық контент: сапалы заманауи музыка топтамалары мен шоу-бизнес, мәдениет және сауық салаларындағы жаңалықтар таратылады.
Аймақтық жиілік
Аймақ | Жиілік |
---|---|
Ақтау | 105 |
Алматы | 101,8 |
Өскемен | 106 |
Шымкент | 86.9 |