Гәкку (телеарна)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телеарна «Gakku TV» (қаз. «Гәкку ТВ») — Қазақстандағы тек отандық контент таратушы тұңғыш музыкалық телеарна <ref name="Санжар Мустафин: Мы запустили канал по всем законам стартапа // kapital.kz">Санжар Мустафин: Мы запустили канал по всем законам стартапа // kapital.kz</ref>.

Арна еліміздің барлық қалаларының кабельді және спутниктік желілерінде таратылады.

Телеарна қысқа форматты «жедел» ақпарат шығарады. Эфир қазақ және орыс тілдеріндегі музыкалық, жаңалықтық және сауықтық бағдарламалардан құрылған.

Күн сайын отандық әртістердің соңғы 30 жылдағы ең үздік еңбектерінің 400-ге жуығы эфирдегі көрсетілімге шығарылады <ref name="В Казахстане запустили музыкальный телеканал с клипами отечественных звезд // nur.kz">В Казахстане запустили музыкальный телеканал с клипами отечественных звезд // nur.kz</ref>. Музыкалық контент арнада ақысыз түрде таратылады<ref name="«Gakku TV» арнасы туралы // gakku.kz>«Gakku TV» арнасы туралы // gakku.kz</ref>.

Деректер

Бағдарламалар мен айдарлар

  • «Gakku NEWS» — әр сағаттың басында «Gakku TV» арнасында шығатын шоу-бизнес, спорт, сән әлемі салаларындағы ең шулы және таңғаларлық жағалықтар.
  • «Ән-Gimme» — атақты адамдармен тікелей эфирде бейнечат арқылы тілдесу.
  • «Derec» — бейнеклиптерді түсіру барысы жайлы экранда баяндайтын титрлар топтамасы.
  • «Backstage» — бейнеклип түсіру барысындағы қызықты сәттерді көрсетеді.
  • «Gakku Top 10» — отандық телеарнадағы жаңадан шыққан әртістер мен шоу-бизнес саласының озықтары көрермендердің дауыс беруі арқылы бақ сынасатын халықтық чарт.
  • «Zhauap Ber» — еліміздің жұлдыздарының қатысуымен өтетін «сұрақ-жауап» түріндегі арнаулы айдар.
  • «Сool Тізбе» — мемлекетіміздің шоу-бизнес жұлдыздарының сауықтық рейтингі.
  • «Love story» — Қазақстан әртістерінің махаббат хикаялары.
  • «Follow Wars» — жұлдыздардың әлеуметтік желілердегі пікірлерге жауап беруі.

Музыкалық блоктар

  • #Jap-jana — ұлттық эстраданың ең өзекті хиттері. Қазақстандық бейнеклиптердің алғашқы көрсетілімдері осы блокта #tusaukeser хэштегімен шығады.
  • #Solo — бұл блокта белгілі бір әншінің немесе топтың үш бірдей бейнебаяны қатарынан көрсетіледі.
  • #Ozgeler — альтернативтік музыка топтамасы (рок, фолк, инди, синти, т.б.).
  • #Yep-yeski — қазақстан эстрадасының алтын қоры, уақыт сынынан өткен музыкалық хиттер топтамасы.
  • #Chak-chak — ең үздік заманауи бейнеклиптер топтамасы.
  • #Altynym-altynym — соңғы 10 жыл ішінде шыққан бейнеклиптер топтамасы.
  • #Hip-hop — Қазақстанның үздік рэп орындаушыларының бейнеклиптері топтамасы.

«Gakku FM» радиосы

«Gakku FM» — «Gakku TV» негізін салушылары тудырған қазақстандық музыкалық радиостанция. Трансляциялау 2016 жылы 1 желтоқсанда басталды<ref name="Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақша">Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақша</ref> .

«Gakku FM» эфирінде тек қана қазақстандық контент: сапалы заманауи музыка топтамалары мен шоу-бизнес, мәдениет және сауық салаларындағы жаңалықтар таратылады.

Аймақтық жиілік

Аймақ Жиілік
Ақтау 105
Алматы 101,8
Өскемен 106
Шымкент 86.9

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер