Сам ауылы
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына
Сам ауылы (2007 ж. дейін — Қызыләскер<ref>Бейнеу ауданының Қызыләскер ауылын Сам ауылы деп атау туралы</ref>) — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл, Сам ауылдық округінің орталығы.
Мазмұны
Географиясы
Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде, Сам құмының батыс етегінде орналасқан<ref name="source1">Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>.
Тарихы
Іргесі 1949 жылы құрылған. 1973–1995 жылдары «Сам» қаракөл қой кеңшарын ұйымдастыруға байланысты оның бөлімшесі есебінде қаланды.
Халқы
Тұрғыны:
- 451 адам (220 ер және 231 әйел адам) (1999)<ref name="source3">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 450 адам (239 ер және 211 әйел адам) (2009)<ref name="source3"></ref>;
- 510 адам (2016)<ref>Сам селолық округі əкімінің есебі</ref>.
Сам ауылында 85 отбасында 510 адам тұрады. Сам ауылы бойынша 15 сәби дүниеге келіп, 5 жас отбасын құрды. Бір жасқа дейінгі сәбилер өлімі тіркелген жоқ<ref>Сам селолық округі əкімінің есебі</ref>.
Экономикасы
«Сам» қаракөл қой кеңшары негізінде Самда мал шаруашылығымен айналысатын 14 шаруа қожалығы ұйымдасқан. Одан басқа су айдайтын Бейнеу МТС-ке қарасты Қарағайлы мекемесі орналасқан.
Транспорты
Ауыл арқылы «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автотрасса жолы мен «Бейнеу-Жезқазған» теміржолы жүреді.
Тарихи ескерткіштер
Ауылдан 12 шақырым жерде Қошмағанбет, 9 шақырым жерде Қарғабай атты тарихи ескерткіштер сақталған<ref name="source1"></ref>.
Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, тағы басқалар бар. Тұрғындары жер асты су көзін пайдаланады<ref name="source1"></ref>.
Ауыл тұрғындарына Сам мектеп-балабақша кешені, медициналық пункт, «КазТрансГазАймақ» бөлімшесі, Казпошта бөлімшесі, АТС байланыс торабы, Билайн байланысы, «Бейнеусусервис» КМК-ны қызмет көрсетсе, табиғи газ, электр энергиясы және ауыз сумен қамтылуда іркіліс жоқ<ref>Сам селолық округі əкімінің есебі</ref>.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Бейнеу ауданы елді мекендері