Сам ауылы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына

Сам ауылы (2007 ж. дейін — Қызыләскер<ref>Бейнеу ауданының Қызыләскер ауылын Сам ауылы деп атау туралы</ref>) — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл, Сам ауылдық округінің орталығы.

Географиясы

Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде, Сам құмының батыс етегінде орналасқан<ref name="source1">Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>.

Тарихы

Іргесі 1949 жылы құрылған. 1973–1995 жылдары «Сам» қаракөл қой кеңшарын ұйымдастыруға байланысты оның бөлімшесі есебінде қаланды.

Халқы

Тұрғыны:

Сам ауылында 85 отбасында 510 адам тұрады. Сам ауылы бойынша 15 сәби дүниеге келіп, 5 жас отбасын құрды. Бір жасқа дейінгі сәбилер өлімі тіркелген жоқ<ref>Сам селолық округі əкімінің есебі</ref>.

Экономикасы

«Сам» қаракөл қой кеңшары негізінде Самда мал шаруашылығымен айналысатын 14 шаруа қожалығы ұйымдасқан. Одан басқа су айдайтын Бейнеу МТС-ке қарасты Қарағайлы мекемесі орналасқан.

Транспорты

Ауыл арқылы «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автотрасса жолы мен «Бейнеу-Жезқазған» теміржолы жүреді.

Тарихи ескерткіштер

Ауылдан 12 шақырым жерде Қошмағанбет, 9 шақырым жерде Қарғабай атты тарихи ескерткіштер сақталған<ref name="source1"></ref>.

Инфрақұрылымы

Ауылда орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, тағы басқалар бар. Тұрғындары жер асты су көзін пайдаланады<ref name="source1"></ref>.

Ауыл тұрғындарына Сам мектеп-балабақша кешені, медициналық пункт, «КазТрансГазАймақ» бөлімшесі, Казпошта бөлімшесі, АТС байланыс торабы, Билайн байланысы, «Бейнеусусервис» КМК-ны қызмет көрсетсе, табиғи газ, электр энергиясы және ауыз сумен қамтылуда іркіліс жоқ<ref>Сам селолық округі əкімінің есебі</ref>.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Бейнеу ауданы елді мекендері