Рахмет Өтесінұлы Өтесінов
Үлгі:Тұлға Рахмет Өтесінұлы Өтесінов (15 қаңтар 1927 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Қарабау - 8 қаңтар 2011 жылы Алматы) – даңқты мұнайшы, жазушы, КСРО Мұнай өнер кәсібінің Құрметті мұайшысы, Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұнайшысы. Ақтау қаласының және Жаңаөзеннің Құрметті азаматы. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Өмірбаяны
Мәскеудегі мұнай институтын бітірген (1951).
1951 – 1959 жж. Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде мастер, цех бастығы, бас инженер, директоры болды.
1959 – 1961 ж. Жылыой аудандық партия комитетінің 1-хатшысы жұмысын атқарды.
1961 – 1962 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық партия комитетінің өндіріс-көлік бөлімінің меңгерушісі болды.
1962 – 1963 ж. Қандыағаш аймақтық өндірістік партия комитетінің хатшысы жұмысын атқарды.
1963 – 1964 ж. «Маңғыстаумұнайбарлау» тресінің партком хатшысы болды.
1964 – 1970 ж. «Өзен мұнай өндіру» басқармасының бастығы болды.
Шығармалары
1970 жылдардан бастап әдеби шығармашылықпен айналыса бастады.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
- «Ожившая река» (1974), «Айтылмаған ән» (1978), «Алыптың ашылуы» (1982), «Даладағы алау» (1983), «Песчаная коса» (1989), «Пасмурные дни» (1997), «Жолдар мен жолдастар» (2002), «Соңғы аялдама» (2005) кітаптарының авторы.
Марапаттары
- КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
- КСРОның «Еңбек Қызыл Ту» Ордені;
- КСРОның бірнеше мерекелік медалдар мен құрметті төсбелгілерімен марапатталған.
- 1962 жылы «КСРОның Құрметті мұнайшысы» құрметті атағы;
- «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұнайшысы» құрметті атағы;
- «Қазақстан мұнайына сіңірген еңбегі үшін» медалі;
- ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен марапатталған.
- ҚР «Ерен Еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері.
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасының иегері.
- Ақтау, Жаңаөзен және т.б көптеген аудандардың Құрметті азаматы атағы берілді.
- «Еңбек ардагері» құрметті медалінің иегері.
Қызықты ақпарат
- Өтесінов «Сынақ» телефильмінің бас кейіпкері болып саналады.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>