Рахмет Өтесінұлы Өтесінов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Рахмет Өтесінұлы Өтесінов (15 қаңтар 1927 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Қарабау - 8 қаңтар 2011 жылы Алматы) – даңқты мұнайшы, жазушы, КСРО Мұнай өнер кәсібінің Құрметті мұайшысы, Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұнайшысы. Ақтау қаласының және Жаңаөзеннің Құрметті азаматы. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Өмірбаяны

Мәскеудегі мұнай институтын бітірген (1951).

1951 – 1959 жж. Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде мастер, цех бастығы, бас инженер, директоры болды.

1959 – 1961 ж. Жылыой аудандық партия комитетінің 1-хатшысы жұмысын атқарды.

1961 – 1962 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық партия комитетінің өндіріс-көлік бөлімінің меңгерушісі болды.

1962 – 1963 ж. Қандыағаш аймақтық өндірістік партия комитетінің хатшысы жұмысын атқарды.

1963 – 1964 ж. «Маңғыстаумұнайбарлау» тресінің партком хатшысы болды.

1964 – 1970 ж. «Өзен мұнай өндіру» басқармасының бастығы болды.

Шығармалары

1970 жылдардан бастап әдеби шығармашылықпен айналыса бастады.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Марапаттары

  • КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
  • КСРОның «Еңбек Қызыл Ту» Ордені;
  • КСРОның бірнеше мерекелік медалдар мен құрметті төсбелгілерімен марапатталған.
  • 1962 жылы «КСРОның Құрметті мұнайшысы» құрметті атағы;
  • «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұнайшысы» құрметті атағы;
  • «Қазақстан мұнайына сіңірген еңбегі үшін» медалі;
  • ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен марапатталған.
  • ҚР «Ерен Еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері.
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасының иегері.
  • Ақтау, Жаңаөзен және т.б көптеген аудандардың Құрметті азаматы атағы берілді.
  • «Еңбек ардагері» құрметті медалінің иегері.

Қызықты ақпарат

  • Өтесінов «Сынақ» телефильмінің бас кейіпкері болып саналады.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер