Рамазан Өмірәліұлы Стамғазиев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Музыкант Рамазан Өмірәліұлы Стамғазиев (1967 жылы 3 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Көкпияз ауылында туған) — қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). "Құрмет" орденінің иегері.
Толығырақ
- Рамазан Өмірәліұлы 1967 жылы 3 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Көкпияз ауылында дүниеге келген.
- 1987 - 1989 жылдары Алматы эстрада-цирк училищесін (Қайрат Байбосыновтың класы бойынша) бітірген.
- 1991 - 1995 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіның музыка бөлімінің "домбыра" мамандығы бойынша бітірген.
- 2012 - 2014 жылдары Өнер магистрі ғылым атағы берілген.
Еңбек жолы
- 1989 - 2005 жылдары Қазақконцерт өнер бірлестігінде әнші.
- 2006 - 2009 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы.
- 2009 - 2012 жылдары Республикалық эстрада - цирк колледжінде оқытушы.
- 2012 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясының "дәстүрлі ән музыкасы" кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі лауазымын атқарады.
Марапаттары
- 1992 жылы Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының жеңімпазы.
- 1997 жылы Халықаралық ән байқауының жеңімпазы (Самарқанд қаласы);
- 1998 жылы 22 қазанда елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді.
- 2001 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
- 2011 жылы елбасының жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды.
- 2011 жылы Әлихан Бөкеханов атындағы алтын медалі
- 2013 жылы Моңғолия Республикасының Құрмет ордені
- 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Отбасы
Үйленген. жары: әнші, "Құрмет" орденінің иегері Ұлту Қабаева