Қайрат Әукенұлы Байбосынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Қайрат Әукенұлы Байбосынов (1 маусым 1950 жылы Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған) — әнші, қазақ дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттаушы. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Қазақстан Білім беру саласының құрметті қызыметкері.

Жалпы мәліметтер

Алматы эстрада-цирк студиясын бітірген (1969). “Гүлдер” ансамблінің әншісі әрі эстрада-цирк студиясының оқытушысы (1969—1988), Алматы консерваториясының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі (1988—1995) болды. 1997 жылдан Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры. Ұмыт болған, сирек орындалатын әндерді қалпына келтіріп, халық арасына таратуда елеулі еңбек етті. Концерттік сапармен АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Бирма, Сингапур, т.б. елдерде болып, ұлттық өнерімізді шет ел тыңдаушылырына танытты.

Еңбек жолы

Марапаттары

Жеке қасиеттері

Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жарқын, гүлденген».

Отбасы

Үйленген. Жұбайы -Жөлеу Рабиға Иманғазықызы (1950 ж.т.), зейнеткер. Ұлы - Байбосынов Мұхтар Қайратұлы (1972 ж.т.); қызы - Байбосын Қорлан Қайратқызы (1979 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Шығармашылығы

«Асылым» - Әні мен сөзі І. Жақановтікі орынд. Қ. Байбосынов.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub