Мессия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:58, 2013 ж. маусымның 24 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мессия (көне еврей. машиах, грек. Chrіstos) — тікелей мағынасы «маңдайы майланған». Зәйтүн майымен майлау бағзы заманда патшаларды таққа отырғызғанда немесе дін қызметкері атағын алғанда өткізілетін салтанаттың құрамдас бөлігі.

Яһудилікте «машиах» сөзінің астыртын мағынасы — «патша». Яһудилер Дәуіт пайғамбардың ұрпағынан шығатын мінсіз патша Израиль халқын және адамзатты құтқару үшін Құдаймен жіберіледі деп сенеді. Христиандық дәстүрде сонымен қатар «құтқарушы» термині қолданылады.

Тағы қараңыз