Иса Мәсих

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам пайғамбарларыҮлгі:Ислам

Иса (Үлгі:Lang-he; ҚұрандаМәриямұлы Иса Мәсіх (Үлгі:Lang-ar); Киелі КітаптаИса Мәсіх (Үлгі:Lang-el)) — Израиль ұрпақтарына жіберілген ұлы пайғамбар. Оның пайғамбарлық дәрежесі христиандықта, исламда, баһаиде және бабиде мойындалады.

Иса — Құранда аты аталған 25 пайғамбардың бірі. Оның есімі Құранда 25 рет аталады. Иса пайғамбардың жарық дүниеге келуінің өзі керемет болған, яғни Алла Тағала оны керемет ретінде әкесіз, яғни ер адамның қатысынсыз әйел затынан ғана жаратты.

Тууы

Анасы – хазіреті Мәриям. Ол күллі жаһанды билеген, аң-құстардың тілін білген патша-пайғамбар хазіреті Сүлейменнің тікелей ұрпағы. Ол сондай пәк, таза әрі өте тақуа жан еді. Анасы Мәриямды дүниеге әкелмей тұрып-ақ: «Уа, Раббым! Шынын-да мен құрсағымдағы баламды дүниелік істерден толық босатып, басыбайлы етіп бір Өзіңнің жолыңа атадым. (Осы нәзірімді) менен қабыл еткейсің! Расында Сен бәрін естуші, шексіз ілім Иесісің», – деп нәзір етіп, Алланың жолына атаған болатын. Сөйтіп хазреті Мәриям бала күнінен қасиетті ғибадатханада қызмет етіп, онда Зәкәрия пайғамбардан жақсы тағылым, өнегелі тәлім-тәрбие алып, иләһи ілімнің қайнарынан сусындап өсті. Бой жеткен шағында ел-жұрттан оқшауланып ғибадатхананың бір бұрышында күні-түні Раббысына құлшылық етуді әдетке айналдырды. Күндердің күнінде Алла Тағала оған Жәбірейіл періштені өте келісті де, нұрлы адам бейнесінде: «Ұл табасың», – деген сүйінші хабармен жіберді. Сөйтіп хазіреті Мәриям Алланың қалауымен және құдіретімен Иса пайғамбарға жүкті болды.

Міне, осынау ғибратты оқиға қасиетті Құранның Мәриям сүресінде былай баяндалады<ref>Мәриям сүресі</ref>: Үлгі:Дәйексөз

Пайғамбарлық келуі

Алла Тағала Мәриямұлы Исаға отыз жасында киелі төрт кітаптың бірі Інжілді түсіріп, оны Израиль ұрпақтарына ақырғы пайғамбар етіп жіберді. Исаның пайғамбар ретінде бір Аллаға сенуге шақырғаны Құранның Мәида сүресінде айтылады<ref>Мәида сүресі</ref>: Үлгі:Дәйексөз

Бір деректе хазіреті Исаға бар-жоғы он екі-ақ адамның ергені айтылады. Құранда олар «хауарилер» деп аталған. Хауари сөзі «ақ», «ізгі» және «адал дос» деген мағыналарға саяды. Иса пайғамбардың хауарилері оған шын берілген аса сенімді әрі иманы берік жандар еді. Хақ пайғамбар оларды жан-жаққа жіберіп халықты хақ дінге шақырып отырған. Иса мен оның хауарилері арасында бір әңгіме Құранның Мәида сүресінде баяндалды<ref>Мәида сүресі</ref>: Үлгі:Дәйексөз

Бір деректе дастарқанның түскен күні жексенбі күні еді делінген. Кейіннен христиандар осы күнді мереке күні етіп жариялайды. Иса пайғамбардан кейін оның дінін әу баста осы хауарилер уағыздады. Алайда уақыт өте келе бұл діннің негізгі қағидалары кейінгі ұрпақтың қолымен барынша бұрмаланып, қатты өзгеріске ұшырады.

Мінез-құлқы

Сурет:Isa-3.jpg
Мәриямұлы Иса Мәсіх

Мәриямұлы Исаның түр-тұлғасы жайлы Құранда еш нәрсе айтылмаған. Оның түр-тұлғасы әрі мінез-құлқы жайлы мәліметтер бізге Мұхаммед пайғамбардың хадистері арқылы жеткен. Онда Иса пайғамбар Мұхаммед пайғамбар секілді толық та емес, тым арық та емес, қысқа да емес, тым ұзын да емес орта бойлы, кең иықты, мығым денелі болғандығы айтылған. Сондай-ақ, оның көз-қарасы өткір болған. Шашы да Мұхаммедтің шашына ұқсаған тым қысқа да, өте бұйра да емес, тым ұзын да, өте жұмсақ та емес, сәл ғана бұйрасы бар, ұзындығы құлағының сырғалығын жауып тұратындай өте келісті болған. Саусақтары салалы еді. Өңі қызыл шырайлы аққұба, сондай келісті жан еді делінген. Ал оның басқа да қасиеттеріне келсек, Құранның Әли Имран сүресінде былай делінеді<ref>Әли Имран сүресі</ref>: Үлгі:Дәйексөз

Кереметтері

Ал кереметтері жайлы айтатын болсақ, негізі Мәриямұлы Исаның өмірге келуі де, көкке көтерілуі де керемет. Ол өзінің хақ пайғамбар екенін дәлелдеу үшін қауымына көптеген кереметтер көрсетті. Құранның Бақара сүресінде бұл жайлы былай айтылады<ref>Бақара сүресі</ref>: Үлгі:Дәйексөз

Мысалы, ол балшықтан құс жасап, сосын оған Алланың рұқсатымен дем үрлеп жан бітіретін. Сондай-ақ, оның заманы медицинаның өте күшті дамыған шағы еді. Ол өз заманындағы дамыған медицинаның шамасы келмеген дерттерге шалдыққан жандарды дертінен құлан таза айықтыра білді. Атап айтқанда, тумысынан зағип жандардың көзін ашатын. Алапестерді бір сипағаннан-ақ емдеп жазатын. Тіпті, Алланың қалауымен өлген адамның өзін қайта тірілтетін. Сондай-ақ, ол адамдарға ғайыптан хабар беретін. Адамдардың үйлерінде не ішіп, не жеп жүргендерін және жиған-терген мал-дүниелерін өз көзімен көргендей дөп басып айтып беретін болған.

Көкке көтерілуі

Мәриямұлы Иса Исрайыл ұрпақтарын үш жыл қатарынан ақиқатқа шақырып, хақ дінге үндегенде, оған бар болғаны ат төбеліндей бір топ адам ғана иман келтірді. Сондықтан да Исрайыл ұрпақтарының ішінде оның досынан дұшпаны әлдеқайда көп болды. Ақиқатқа жаны қас арам пиғылды дұшпандары оған үнемі қастандық жасаудың айла-амалын іздеді. Олар өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін Иса Мәсіхтің басына дүние тігіп, тұс-тұстан іздеу салғанда, хауарилердің бірі екіжүзділік танытып оны сатып кетті. Ол: «Ұстап бергенім үшін мұншама мал-пұл бересіңдер»,– деп, ақшасын алған соң, оларды пайғамбар отырған үйге бастап келеді. Есікті ашып: «Іздеген Исаларың осында»,– деп, босағадан бірінші болып аттап ішке кіреді. Иса олардың келетінін Хақ Тағаланың өзіне берген аяны арқылы алдын-ала білген-ді. Сол себепті ол дұға оқып Раббысына жалбарынып отырды. Раббысы оның дұғасын қабыл етіп: «Уа, Иса! Шүбәсіз сені бақиға аттандыратын олар емес, мына Менмін. Сені (жан-тәніңмен) Өз құзырыма көтеріп әкетемін және сені күпірлік қылғандардан құтқарып, пәк екеніңді айқындаймын. Сондай-ақ, қиямет-қайымға дейін соңыңнан ергендерді күпірлік қылғандардан үстем етемін. Содан кейін барлығың Маған қайтасыңдар. Сол кезде пәниде бір-біріңмен таласып-тартысқан мәселелеріңе қатысты араларыңда билік айтып, үкім шығарамын»,– дейді.

Әлгі екіжүзді ішке кіргенде, Жәбірейіл періште пайғамбарды өзімен бірге көкке көтеріп әкетеді де, әлгі сатқын Алла Тағаланың құдіретімен Иса пайғамбардың бейнесіне еніп, одан аумай қалады. Сөйтіп қандықол жауыздар үйге кіріп Исаның өзін емес, әлгі екіжүзді сатқынды бас салып ұстап әкетеді. Сонда ол жан дауысы шыға: «Мен Иса емеспін, мен сіздерді бастап келген адаммын ғой!»,– деп қанша жерден ақталса да, оның сөзіне ешкім құлақ аспайды. Осылайша олардың айқышқа керіп, әбден азаптап өлтірдік дегендері анығында Иса пайғамбар емес, оның бейнесіне енген екіжүзді сатқын еді.

Кейбір деректерде бұл екіжүздінің аты Яһуда, ал басқа деректерде Тайтанос еді. Олар Тайтаносты айқыш ағашқа керіп байлап өлтіргелі жатқанда, ол соңғы сөзін айтып: «Маған сенбесеңдер, қалтамды қараңдар. Берген ақшаларыңды көресіңдер»,– деп жалынады. Қандары қарайған топ оның сөзін елемейді де. Алайда, әбден қинап өлтіргеннен кейін, қалтасын қарағанда, расында да, өздерінің ұстатқан ақшаларын көріп қатты таңғалады. Сол кезде ғана істің мән-жайы-ның басқаша болғанын аңғарады. Дереу Тайтаносты іздей бастайды. «Ең алдымен үйге сол бастап кірді. Біз үйді тінтіп шыққанда, Исадан өзге ешкімді көрмедік. Егер ол анық Иса болғанда, бізге оны ұстап берген Тайтанос қайда кетті? Ал бұл Тайтанос болса, онда Иса қайда кетті? Ақша дар ағашына шегелеп өлтірген адамның қалтасынан шыққанына қа-рағанда ол Иса болмағаны ма? Сонда ол көкке ұшып кетті ме?», – деп, бастары қатады.

Құранның Ниса сүресінде бұл оқиға былай баяндалады<ref>Ниса сүресі</ref>: Үлгі:Дәйексөз

Иса пайғамбардың дүниеге әкесіз келуі қандай таңғажайып болса, оның жан-тәнімен көкке көтерілуі де дәл сондай керемет. Мұсылмандардың сенімі бойынша көкке көтерілген пайғамбар күндердің күнінде Хақ тағаланың қалауымен жерге түсіп, жер-жаһанда бұрын-соңды болмаған лаң салып, бүлік шығарған бұзғыншы Дәжжәлге қарсы тұрып, тойтарыс береді. Бұған қоса бұзылған христиандарды тура жолға салады. Шоқынған айқыштарын сындырып, доңыз етін жеуге тыйым салып, оларды иманға, хақ дінге келтіреді. Бұл жайлы біраз сахих хадистер бар.

Інжіл

Алла Тағала Исрайыл ұрпақтарына жіберген соңғы елшісі Мәриямұлы Исаға Інжілді түсірді. Інжіл де әу баста ақиқатты жар салып, Исрайыл ұрпақтарын тура жолға үндеген иләһи кітап болатын. Алайда ол да Тәурат сияқты уақыт өте келе адам баласының қолымен бұрмаланып, көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұған дәлел бүгінгі таңдағы христиандардың қолындағы Інжілдің алуан түрлі болып, бір-біріне ұқсамайтындығы.

Құранда сол әуелгі саф Інжілдің мынадай бес түрлі ерекшелігі баяндалған:

  • Ол тура жолдың қайнар көзі болған. Інжіл түскен шақта Исрайыл ұрпақтарының арасында ақида-сенім мәселесінде адасушылықтар, ауытқушылықтар көп кездесетін. Сондықтан да қасиетті Інжіл нағыз хақ сенімнің негізгі қағидаларын қамтыды;
  • Інжіл тұнып тұрған нұр еді. Өйткені ол адамдарды қараңғы зұлматтардан жарыққа шығарып, жүректерді иман нұрымен нұрландыратын;
  • Інжіл өзіне дейінгі иләһи кітаптарды, соның ішінде Тәуратты растады;
  • Інжіл күллі адамзатқа жіберілетін Алланың ақырғы елшісі хазіреті Мұхаммедтің келетінін сүйіншіледі;
  • Сондай-ақ, Інжіл тақуа жандарға насихатшы болды, онда адамдар үшін көптеген насихаттар мен өнегелер бар еді.

Дәрежесі

Құранның Ниса сүресінде Исаның дәрежесі жайлы былай айтылады:<ref>Ниса сүресі</ref> Үлгі:Дәйексөз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер