Сазды (Қызылорда облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мағына Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Сазды — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Сазды ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Арал қаласынан солтүстікке қарай 88 км, Баршақұм құмды алқабының оңтүстік шетінде, Арал теңізінің байырғы табанында орналасқан. Жері – саздауыт, сор, тақыр, құм аралас болып келеді.
Халқы
Тұрғыны 564 адам (2009).
Тарихы
Ауыл 1957 – 96 жылдары асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Арал» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімшеде негізінде мал шаруашылық қожалықтары жұмыс істейді. Осы ауылда жазушы Түменбаев Жақсылық, ғалым Өзденбаев Жанбай Шүйіншіәліұлы туып – өскен.