Жақсылық Түменбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жақсылық Түменбаев (5 қаңтар 1944, Арал ауданы Сазды ауылы – 1993) – жазушы.
- ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика ф-тін бітірген (1968).
- 1968 – 1975 ж. облысы «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр Бойы») газетінде қызметкер
- 1975 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінде бас редактордың орынбасары
- респ. «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
Шығармашылығы
Алғашқы шығармалары 1968 жылдан респ., облысы баспасөзде, «Жалын» альманахында жариялана бастады.
- «Қардағы іздер» (1977)
- «Қимас қазына» (1979)
- «Мен сүйген қыз» (1981)
- «Тас бөгет» (1984)
- «Махаббат қорығы» (1990)
- «Ақырғы демім біткенше» (1993) атты повестері мен әңгімелерін қазақ тіліне аударған.
Жетістіктері
- Жастарға арналған көркем шығармалардың респ. жабық байқауында 2-, 3-бәйгені алған.
- Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Есте сақтау
- Туған жерінде мектепке, көшеге Түменбаевтың есімі берілген.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify