Қамыстыбас (ауыл)
Қамыстыбас — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Қамыстыбас ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 71 км, Қамыстыбас көлінен шығыс қарай 2 км жерде орналасқан.
Тарихы
1918 жылы құрылған. XIX ғасырдың бас кезінде Хиуа хандығының жаугершілігіне қарсы Сыр бойы қазақтарының ұйымдастырушысы Жанқожа батырдың сарбаздарына қару-жарақ соғушы темір ұсталарының мекені болған. 1904 жылға дейінгі атауы – Темірші. Теміршіден дайындалған қару-жарақтарды Хиуа хандығына ғана емес, орыс отаршылдарына да қарсы сілтеген. Орыс отаршылдары 1904-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының ашылуына байланысты іргелес Қамыстыбас көлінің жағалауындағы Қамыстыбас қонысының атауымен атауды жөн көріпті.
Халқы
Тұрғыны 1,7 мың адам(2009).