Қамыстыбас (ауыл)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

ҚамыстыбасҚызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Қамыстыбас ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 71 км, Қамыстыбас көлінен шығыс қарай 2 км жерде орналасқан.

Тарихы

1918 жылы құрылған. XIX ғасырдың бас кезінде Хиуа хандығының жаугершілігіне қарсы Сыр бойы қазақтарының ұйымдастырушысы Жанқожа батырдың сарбаздарына қару-жарақ соғушы темір ұсталарының мекені болған. 1904 жылға дейінгі атауы – Темірші. Теміршіден дайындалған қару-жарақтарды Хиуа хандығына ғана емес, орыс отаршылдарына да қарсы сілтеген. Орыс отаршылдары 1904-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының ашылуына байланысты іргелес Қамыстыбас көлінің жағалауындағы Қамыстыбас қонысының атауымен атауды жөн көріпті.

Халқы

Тұрғыны 1,7 мың адам(2009).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері