Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Омар Сыздықов"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Санат шебері: Санат:Қазақстан Ғылым Академиясы академиктері → [[Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым акаде...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
10:41, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Омар Сыздықов (1936 жыл 1 ақпан, Оңтүстік Қазақстан, Арыс) – педагогика ғылымдарының докторы (2002). ҚР педагогика ғылымдары (2005) және Халықаралық ақпараттандыру академияларының (2003) академигі. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы (1970).
Еңбек жолы
- 1963 жылы Ташкент политехникалық институтын бітірген;
- 1959-1963 жылдары Кентау экскаватор зауытында цех бастығы;
- 1963-1969 жылдары Ащысай түсті металл комбинатында инженер;
- 1969-2005 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) оқытуышы, аға оқытушы, доцент, профессор;
- 1974-1979 жылдары Алматы металл өңдеу зауытының директоры болды;
- 2005 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері
- «Болашақ инженерлердің кәсіптік-технологиялық даярлығын жетілдірудің дидактикалық негіздері» тақырындағы докторлық диссертациясы;
- 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref> Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1 </ref>